Сақтықта қорлық жоқ

0
10

Қазіргі таңда, интернет пен цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізде алатын орны артып келеді. Алайда интернет мүмкіндіктерімен қатар онлайн алаяқтықтың түрлі тәсілдері де көбейіп отыр. Осыған байланысты азаматтардың киберқауіпсіздік жөніндегі сауаттылығын арттыру – маңызды міндеттердің бірі.

Темір аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, киберволонтерлардың қатысуымен аудан тұрғындары арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық түрлері туралы ақпарат беріліп, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін және өзге де құпия ақпараттарды бөгде адамдарға бермеу, белгісіз сілтемелерге өтпеу және күмәнді ұсыныстарға сенбеу жөнінде ескертулер айтылды.

Интернет алаяқтықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қырағылық танытып, жеке деректеріңізді қорғау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың арбауынан сақтай аласыз.