Жаңа Конституциялық реформалар еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. 

0
20

Жаңа Конституциялық реформалар еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

Әсіресе Құрылтай депутаттарының сайлануы – халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға жол ашатын маңызды өзгеріс.

 

Мұғалім ретінде жас ұрпаққа елжандылықты, азаматтық жауапкершілікті және өз таңдауына саналы түрде қарауды үйрету – біздің басты міндеттеріміздің бірі деп білемін. Сондықтан алдағы сайлау әр азаматтың өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты жауапты таңдау жасауына мүмкіндік береді.

 

Әрбір азаматтың сайлауға белсенді қатысуы – демократиялық құндылықтарды нығайтудың және қоғамның дамуына үлес қосудың маңызды көрінісі. Өз таңдауымыз арқылы еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді көрсетеміз.

 

№3 Шұбарқұдық ЖОББМ директоры А.Төреш