Жаңа оқу жылы басталды

Тамыз конференциясы
Биылғы тамыз конференциясы «Жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты — білім, құндылықтар, адами капитал» тақырыбында өтті. Жиынға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
Жылдағы дәстүр бойынша Өнер орталығының кіреберісінде көрме ұйымдастырылып, педагогтардың озық жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Солардың қатарында №80 «Келешек мектебінің» химия пәнінің мұғалімі Жанат Бөлекованың экологиялық жобасы бар.Мұғалім тұрмыстық және органикалық қалдықтарды қайта өңдеп, бөлме гүлдерін өсіруге арналған ыдыс жасайды екен. Өнімді әзірлеуге мал жүні, өсімдік тамыры, қи, көмір, қағаз, ағаш қалдықтары, жұмыртқа қабығы, банан мен алма қабығын пайдаланған.
— Ыдыстарды дайындамас бұрын олардың қышқылдық ортасын зерттеймін. Азот нитратының мөлшері шамадан тыс болмауы керек. Дайын қоспа 36 сағат кептіріледі. Мұндай технология қалдықты кәдеге жаратып, топырақты пайдалы минералдармен байытуға мүмкіндік береді, — дейді Жанат Бөлекова.
Жоба — қалдықсыз технологияны дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға бағытталған тың бастаманың бірі.
Ақтөбе қаласындағы №82 орта мектепте «Қалқан AI» жасанды интеллект жүйесі әзірленіп, іске қосылған. Жобаны таныстырған информатика пәнінің мұғалімі Жаналы Мақат бағдарлама бейнебақылау камералары арқылы ұру, тебу, қоршап алу секілді буллинг белгілерін анықтайтынын айтты.
— Мектептегі 287 камераның бір бөлігі жүйеге қосылған. Күмәнді әрекет тіркелсе, «Қалқан AI» 6-7 секундтық бейнеклип жасап, Telegram-арнаға хабарлама жібереді. Осы арқылы мектеп қызметкерлері оқиға болған жерді жедел анықтай алады.Жүйе 72 ядролы сервер арқылы жұмыс істейді. Жоба оқушылардың қауіпсіздігін күшейтіп, буллингтің алдын алуға бағытталған — деді ол.Көрмеде мектеп қана емес, колледждер де өз өнімдері мен көрнекіліктерін көпшілік назарына ұсынды.
Конференцияда облыстық білім басқармасының басшысы өңірдің білім саласының дамуы және жаңа оқу жылындағы басым міндеттер туралы айтты. Оның айтуынша, басты басымдықтың бірі — білім сапасын арттыру. Соңғы үш жылда ішкі бағалау нәтижесі бойынша білім сапасының көрсеткіші 58 пайыздан 62 пайызға өсті. Сонымен қатар, өңірдің 107 мектебінде жүргізілген сыртқы мониторинг нәтижелері республикалық орташа көрсеткіштен 20-32 балға жоғары болды. Осы көрсеткіш бойынша облыс еліміздің үздік үш өңірінің қатарына кірді. Басқарма басшысы білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне де тоқталды.
— Облыста 24 мыңнан астам педагог цифрлық құзыреттілігін арттырды, ал 4 395 мұғалімге ChatGPT Edu лицензиясы берілді. Тәжірибе алмасумақсатында «Жасанды интеллект бойынша оқытушылар клубы» құрылып, облыстық әдістемелік орталық жанынан ЖИ бөлімі ашылды. Ендігі міндет — цифрлық құралдарды әр мұғалімнің күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналдыру, — деді Бұлбұл Күзембаева. Сондай-ақ басқарма басшысы оқушылардың нәтижелері туралы айта келе, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардағы жетістіктердің көбейгенін атап өтті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 8 пайызға өскен. Халықаралық олимпиадаларда облыс оқушылары 7 алтын, 20 күміс және 33 қола медаль жеңіп алды.
Білім басқармасының басшысы назар аударған тағы бір бағыт — ерте кәсіптік бағдар беру. Облыста мектепке дейінгі жастан колледжге дейінгі бірыңғай кәсіптік бағдар беру жүйесі қалыптасып отыр. 59 білім беру ұйымында бейіндік сыныптар ашылып, 21 колледжбен ынтымақтастық жолға қойылды. Қазірдің өзінде 1 413 оқушы бағдарламалау, автомеханика, тігін ісі, аспаздық және электр ісі сияқты бағыт бойынша кәсіби дағдыларды меңгерген.
Сонымен қатар Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры Айқожа Әбсадықов, «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров, «Bilim Upskill» компаниясының атқарушы директоры Мағжан Аманғазы, Ойыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ақмарал Орақ, Ақтөбе қаласындағы №86 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Аққу Туысова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов сөз сөйледі. Олар білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен стратегиялық бағдарлар, педагогтардың жұмысын автоматтандырудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері және ауыл мектептерін дамытудың тиімді үлгілерін таныстырды. Сондай-ақ мұғалімнің кәсіби дамуына, сондай-ақ білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық пен парасаттылық қағидатын қалыптастыруға, негізгі құндылықтарды нығайтуға мән берді.
Басқосуда өңір басшысы Асхат Шахаров облыс алдында тұрған міндеттерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық тамыз кеңесінде берген тапсырмаларын ескере отырып жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
— Құрметті педагогтар, ардагерлер және білім саласының өкілдері! Бәріңізді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күні кеше өткен республикалық Тамыз конференциясында Президент ұстаз еңбегінің ұлт болашағы үшін айрықша маңызына тағы бір мәрте тоқталды. Олардың қатарында білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысын күшейту, педагогтардың әлеуетін дамыту, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту және жасанды интеллектіні тиімді енгізу мәселелері бар. Ақтөбеде білім саласына қойылатын талап та қашанда биік. Бұл ретте инфрақұрылымды дамыту білім сапасын арттыру, педагогтің кәсіби дамуына, оның шығармашылық ізденісіне, еңбегінің беделіне десонша назар аударуымыз қажет. Біз тәрбие мәселесіне де аз көңіл бөлмеуімізкерек. Балалардың еңбекке, үлкендерге, өз тарихы мен еліне деген құрметін қалыптастыру маңызды. Өйткені біздің міндетіміз — тек табысты түлек дайындау ғана емес, лайықты азамат тәрбиелеу. Педагогтар, ата-аналар және мемлекет бірлескен күш-жігерінің арқасында сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, әр баланың әлеуетін ашып, Ақтөбе облысының адами капиталын нығайтатынымызға сенімдімін, —деді облыс әкімі.
Сонымен қатар облыс әкімінің айтуынша, биыл облыс бюджетінің 40 пайызы, яғни, 296 миллиард теңге білім саласына бағытталған. Соңғы үш жылда 17 550 оқушыға арналған 33 мектеп пайдалануға беріліп, жаңа оқу жылында тағы 9 мектептің есігі ашылмақ. Сонымен қатар «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 14 заманауи мектеп іске қосылды.Еңбек нарығы мен цифрлық экономиканың өзгеруіне байланысты техникалық және кәсіптік білімді нақты экономикамен ұштастыру да өзекті. Осы бағытта Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі жанынан 1 миллиард теңге жұмсалған заманауи IT-хабтың құрылысы аяқталды.
Облыс әкімі өңір оқушыларының жетістіктеріне де тоқталды. Былтырақтөбелікоқушылар республика бойынша «Үздіколимпиадалық команда» атанды. Халықаралықжәнереспубликалықолимпиадалардажоғарынәтижекөрсетті. СоныменбіргеауылмектептерінқолдаудыңнәтижесіндеЫрғызауданыныңоқушысыМағжанДаниярбек «Үздікауылмектебініңоқушысы» атанса, МәртөкауданыныңтүлегіАружан Алдажарова Стэнфорд университетініңгрантыниеленді.
Соныменқатароблысәкімібілімсаласындағыжетістіктерменқатар, ҰБТ нәтижесінжақсартуқажеттігін де айтты.
«Ұстаз еңбегінің айнасы — шәкірт жетістігі» екенін атап өткен облыс әкімі педагогтардың кәсіби еңбегін қолдау және лайықты бағалау жұмысы жалғаса беретінін жеткізді. Өткен оқу жылында ақтөбелік педагогтар 15 мемлекеттік және 283 ведомстволық наградаға ие болса, биыл да бірқатар ұстаз жоғары марапатқа ие болды.Атап айтқанда, 2 педагог «Құрмет» орденімен, 5 педагог «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог «Ы. Алтынсарин» медалімен, 2 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар 20 педагог облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Ал 6 білім беру ұйымы «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы атанды.
Марапат иелерінің кейбірімен тілдестік. Әйтеке би ауданындағы Комсомол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райгүл Көсегенова 35 жылдық ұстаздық еңбегінің жемісін көріп, «Білім беру ісінің үздігі» атанды.
— Кеше ғана Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталдым. Бұл — мен үшін үлкен қуаныш. Әр ұстаздың еңбегі бағалануға лайық деп ойлаймын.
Бұл марапатқа мен жалғыз жеткен жоқпын. Шәкірттерімнің, ата-аналарымның, әріптестерімнің және білім саласы өкілдерінің қолдауы зор болды. Шәкірттерім облыстық, республикалық білім бәйгелерінде жүлделі орындарға ие болып жүр.
Бүгінгі педагог жан-жақты, креативті және әр баланың қабілетін дамытуға ұмтылуы керек. Себебі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу — ұстаздың басты міндеті, — деді Райгүл Көсегенова.
Сонымен қатар Хромтау қаласындағы №8 «Тұлпар» балабақшасының тәрбиешісі Әсемгүл Егізбаева республикалық «Үздік педагог» байқауында Ақтөбе облысының намысын қорғап, бас жүлдеге ие болды.
— Бұл жетістікке жету жолында қолдау көрсеткен Хромтау ауданының білім бөліміне, оқу-әдістемелік орталыққа және әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын.Бүгінде білім беру саласында жаңа технологиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерге басымдық беріліп, ұстаздарға тың мүмкіндіктер жасалып отыр. Бұл бізге үлкен мотивация беріп қана қоймай, зор жауапкершілік те жүктейді, — деді Әсемгүл Егізбаева.




