ЕҢБЕК АДАМЫ: ОТБАСЫҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІПТІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУГЕ БОЛАДЫ Ақтөбе тұрғыны, көпбалалы ана Саркыт Нағашыбайқызы мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсібін бастады. Грант қаражатына құс өнімдерін өндіру ісін қолға алып, отбасына қосымша табыс әкелетін кәсіптің негізін қалады. Мемлекеттік қолдау оған өз идеясын жүзеге асыруға, жаңа мүмкіндікке қадам жасауға және отбасылық әл-ауқатын арттыруға жол ашты. Саркыт Нағашыбайқызы – отбасы алдындағы жауапкершілік пен кәсіпкерлікті қатар алып жүрген еңбек адамының жарқын үлгісі. Ол көпбалалы ана бола тұра, өз еңбегімен кәсібін дамытып, отбасының берекесін арттыруға үлес қосып келеді. Оның оқиғасы еңбекке деген құлшыныс пен мемлекеттік қолдау ұштасқанда, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын көрсетеді. Мемлекеттік грант Саркыт Нағашыбайқызының кәсіп бастауына нақты мүмкіндік берсе, табандылығы мен күнделікті еңбегі сол бастаманы дамытуға негіз болып отыр.

0
28

ЕҢБЕК АДАМЫ: ОТБАСЫҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІПТІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУГЕ БОЛАДЫ

Ақтөбе тұрғыны, көпбалалы ана Саркыт Нағашыбайқызы мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсібін бастады. Грант қаражатына құс өнімдерін өндіру ісін қолға алып, отбасына қосымша табыс әкелетін кәсіптің негізін қалады.

Мемлекеттік қолдау оған өз идеясын жүзеге асыруға, жаңа мүмкіндікке қадам жасауға және отбасылық әл-ауқатын арттыруға жол ашты.

Саркыт Нағашыбайқызы – отбасы алдындағы жауапкершілік пен кәсіпкерлікті қатар алып жүрген еңбек адамының жарқын үлгісі. Ол көпбалалы ана бола тұра, өз еңбегімен кәсібін дамытып, отбасының берекесін арттыруға үлес қосып келеді.

Оның оқиғасы еңбекке деген құлшыныс пен мемлекеттік қолдау ұштасқанда, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын көрсетеді. Мемлекеттік грант Саркыт Нағашыбайқызының кәсіп бастауына нақты мүмкіндік берсе, табандылығы мен күнделікті еңбегі сол бастаманы дамытуға негіз болып отыр.