ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ

0
35

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

2026 жылғы 28 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Жолдауда бірқатар салаға қатысты жаңашылдықтар мен міндеттерге, күтілетін нәтижелерге тоқталды. Атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономиканы құру, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, ауыл-аймақтарды дамыту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, бюджет және салық саясаты, инфрақұрылым, транзиттік әлеуетті күшейту сияқты өзекті салаларға тың өзгерістің қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Президент келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды, шағын және микро бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды.

2027 жылы әр облыс орталығында, аудандар мен елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу мен жөндеуге кірісу қажеттігін айтты. Басымдық берілетін құрылыс нысандары деп жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтарды атады. Тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала беретінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Үкіметке 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 100 мыңға көтеруді, заманауи теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құру жоспарын жасауды, Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесе отырып, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеуге тез арада кірісуді, Президент Әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан толық және біржола арылтатын мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты кешенді жоспар ұсынуды тапсырды.

 

Шаимов Болат Сейтенұлы