ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
102

            Жуықта, аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Кенжеғұлов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ж. Имашев, кент әкімі Қ. Нұралы, мекеме мен бөлім басшылары және мердігер мекеме өкілдері қатысқан жиын өткізген аудан әкімі С. Аманбаев, аудан аумағы арқылы өтетін республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың қыс кезеңіне дайындығын пысықтады.

Жиында «Автокөлік жолдарының, жылыту пунктерінің, қар тазалайтын техникалардың және инерттік материалдардың қыс кезеңіне дайындығы жөнінде» аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е. Кенжеғұловтың және «Жол қозғалысы мен жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы» аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ж.Имашевтың баяндамаларын тыңдаған аудан әкімі, қар құрсауында автомобильдердің тұрып қалуын болдырмау мақсатында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Балмағамбетовке тиесілі учаскелерді уақытылы қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастырып, қатаң бақылауға алуды, ауа райының қолайсыздығы кезінде жергілікті полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторларға жолдарды жауып, тұрғындарды елді мекеннен шығармауға ықпал етуді, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен құтқару қызметінің үздіксіз байланыста болуын, республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында стробоскоптарды тіреулерге бекітуді және патрульдік автокөліктердің, ірі қара малы макеттерінің тозығы жеткенін жаңасына ауыстыруды, макеттерді апаттық қауіпті орындарға да орналастыруды тапсырды.
Сонымен қатар жиында, жолдарды күтіп, баптаушы жауапты мердігер мекеме «TaF Company»  ЖШС-ның өз жұмысына салғырттық танытқаны,  тас жол жамылғысына минералды тұз бен құм себетін арнайы техниканың (КДМ) жоқтығы, Темір қаласы, Қопа мен Жамбыл ауылдарына кіре беріс тас жолды,  Кеңқияқ ауылы көше-жол торабын қысқы күтіп ұстауға жауапты мердігерлермен келісім-шартқа отырмағандығы анықталып, аудан әкімі жауапты мердігер өкілдері мен жоғарыда аталған ауылдардың әкімдерін сынға алды және Шұбарқұдық ауылдық округі  әкімі Қ.Нұралыға  кент бойынша жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында автокөлік жолдары мен көше-жол торабын үнемі таза ұстау керектігін және белгіленген уақыттың ішінде жоғарыдағы орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау – аудан әкімінің орынбасары                 Ж. Қойшыбаевқа міндеттеді.

                                                                                                                    ТЕМІР ГАЗЕТІ.