Ардагерлер кеңесінің есебі

0
166

    Аудан әкімі Саламат Ермұханұлы Аманбаевтың төрағалығымен өткен жиында Темір аудандық ардагерлер кеңесінің есебі тыңдалды. Жиынға «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Р. Рахиев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Жасақбаева қатысты.

 

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Салиманов  баяндама жасап, кеңестің  2022 жылы атқарған жұмыстарына тоқталды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі С. Аманбаев, ардагерлер кеңесінің өткен жылғы жұмыстарына оң баға беретінін айтып, жаңа 2023 жылы алға қойған міндеттерін орындап шығуына сәттілік тіледі.

Жиын соңында «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Р. Рахиев сөз сөйлеп, «Қазақ тілі» Халықаралық ұйымының Темір аудандық филиалының төрағасы лауазымына аудандық «Темір» газеті ЖШС-нің директоры Әділханов Темірхан Әділханұлын тағайындалғанын мәлімдеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.