БІР ЖЫЛДА ҮШ БАСПАНА

0
120

         Тілсіз жау айтып келмейді. Жаңа жыл қарсаңында саркөлдік Э.Темірбаеваның пәтерін жалын шарпып, әп-сәтте  тұруға жарамсыз болып қалған. Қыс болса, қыр астына келіп тұр.   Ауыл тұрғының аяқ астынан осындай қиын жағдайға тап болып қалғанына жаны ашыған  Саркөл ауылдық округінің әкімі М.Шүйіншалиннің өзі бастама көтеріп,  оны қолдаған «Кеңқияқмұнай» МГӨБ ұжымы 1 миллион 100 мың теңге бөліп және ауылдың дамуына үлес қосып, Атымтай Жомарт атанып жүрген азамат А. Ақмағамбетов 500 мың теңге қаржылай демеушілік танытып, Э. Темірбаеваны   баспанамен қамтамасыз етті.

            Иә, өткен 2022-ші Барыс жылы, бірқатар осындай демеушілердің мұқтаж кісілерге, әсіресе баспанасыз қалғандарға,    қайырымдылық жасаған істерімен саркөлдіктердің естерінде қалды.

Мәселен, 2022 жылдың 6 шілдесі күні «КМК Мұнай» АҚ-сының  вице-президенті С. Берденов, шұбаршилік аз қамтылған отбасы, жалғызбасты ана А. Сағынбаеваға үш бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табыстаған болатын. Ал, 22 желтоқсан күні «100 Дос Шұбар» қайырымдылық қоры, өрттің салдарынан баспанасыз қалған шұбаршилік жалғызбасты ана Ж. Сәленқызына да үй алып берді.

Сөйтіп, Саркөл ауылдық округінде, жүректері мейірімге толы  азаматтардың арқасында, бір жылдың ішінде тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалған үш бірдей отбасы баспанаға ие болып, қуанышқа бөленді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.