Жалақы мәселесі талқыланды
Аудан әкімі Саламат Аманбаев, «М-Техсервис» ЖШС-ның кәсіподақ төрағасы Қ. Базарбаевты қабылдады. Қабылдау барысында аудан әкімі «М-Техсервис» ЖШС жұмысшыларының жалақыларын өсіру жөніндегі талап арызына байланысты мәселе талқылады.
Қабылдауды қорытындылай келе, аудан әкімі кәсіподақ төрағасы Қ. Базарбаевқа, «М-Техсервис» ЖШС-сы еңбек ұжымы мен басшылығының арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер заң шеңберінде шешілуі тиіс екендігін айтып, өз ұсыныстарын жолдады және аталған ұсыныстардың орындалуын бақылауды аппарат басшысы А. Сисеновке жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.