Көліктегі өрт

0
85

Көліктің кез-келген түрінде өрт күтпеген жерден туындауы мүмкін және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Өрттің  шығу себептеріне, көбіне – көлік құралын міндетті техникалық тексеру процесі кезінде автомобильдің жай-күйін бақылауға бей-жай қарау,  әсіресе электр жабдығы мен отын жүйесін жіті тексеру жүзеге асырылмауы т. б. жатады.

2022 жылы аудан аумағында көліктегі 7 өрт тіркелді. Өрттердің негізгі себептері – электр сымдарының, қозғалтқыштың электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу лампасымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін кілемшемен жылыту және т. б.), отын құбырының үзілуі немесе ақаулығы. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.

Не туралы есте сақтау қажет?

— әрбір көлік құралы 2 литрден кем емес көлемде жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс.

— қозғалтқышты және автомобильдің басқа да агрегаттарын ашық отпен, қолдан жасалған жылыту құралдарымен, соның ішінде ашық жылыту элементтерімен жылытуға тыйым салынады. Электр сақтағыштардың жарамдылығын, электр сымдарының бүтіндігін үнемі тексеру қажет. Барлық сақтандырғыштар стандарттарға және номиналды токқа сәйкес болуы тиіс. Электр сымында жалаңаш орын болмауы тиіс, ал оның жалғанатын орны ұшқын пайда болу және қыздыру мүмкіндігін болдырмауы тиіс;

— отын беру жүйесінің бүтіндігін, яғни отынның ағуы немесе газдың шығуын тексеру. Ағулар анықталған кезде шұғыл түрде оларды жою шараларын қабылдау;

— автокөлік құралына жөндеу жүргізу кезінде темекі шегуге және ашық отты (сіріңке, алау, тұтандырғыш) пайдалануға жол бермеу);

— шығарылған түтіктері мен сөндіргіштері алынған немесе ақаулы көлік құралын пайдалануға жол берілмейді;

— тез тұтанатын элементтер (қағаз, сүрткіш шүберек, жанар-жағармай материалдары және т. б.) түспеуі үшін шығару коллекторын қадағалау қажет.

Автомобиль  жүріп келе жатып, өрт шыққан жағдайда:

— көлік құралын дереу тоқтату және қозғалтқышты сөндіру;

— өртке қарсы қызметті 101 немесе 112 нөмірі бойынша шақыру;

— клемманы аккумулятордан алып тастау (газдандырылған жағдайда – магистральдық және баллонды вентильдерді жабу);

— жолаушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісу қажет.