«АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛ»

0
96

Таяуда аудан әкімі Саламат  Аманбаев елді мекендерді кешенді түрде дамытуға арналған «Абаттандырылған ауыл» жобасының ауданда жүзеге асырылу барысы туралы арнайы жиын өткізді.

Жыл басында облыс әкімі Е. Тоғжанов «Абаттандырылған ауыл» жобасын жүзеге асыруды бастау үшін пилоттық жоба ретінде биылғы жылы осы жобаға енетін әр ауданнан бір елді мекенді таңдауды тапсырды. «Абаттандырылған ауыл» жобасының ережелеріне сәйкес таңдалған ауылға шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік субъектілері, шаруа қожалықтары және қарапайым азаматтар (оның ішінде бұрын осы ауылда тұрғандар) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілік форматында көмек көрсетеді.

«Абаттандырылған ауыл» пилоттық жобасына Темір ауданынан Кеңқияқ елді мекені енді. Қазіргі таңда аудан әкімі Саламат Аманбаев Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі М.Утегеновке аудан аумағында орналасқан мұнай компанияларымен, кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен Меморандумдар жасау жұмыстарын ұйымдастыруды, сондай-ақ, бюджеттен қаржы бөлудің жолын табуды тапсырды.

Бұған қоса, аудан әкімі басқа да ауылдық округтерге «Абаттандырылған ауыл» жобасына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды. Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандәурен Қойшыбаевқа жүктелді.

                                                                                                                                   Темір Ақпарат.