БАҚЫЛАУ— БАСТЫ НАЗАРДА

0
69

Аудан әкімі Саламат Аманбаев аудан орталығын аралап, су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді. Аудандық су тасқынына қарсы комиссияның шешіміне сәйкес арық жүйелері мен су құбырларын тазалау тапсырылды. Тексеру кезінде аудан әкімімен бірге аудан әкімінің бас инспекторы Б.Сауытов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Балмағамбетов және кент әкімі Қ.Нұралы бірге аралады.

Тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімі: ауылдағы барлық арықтар жүйесін тазалауды жалғастыруды  және көшелердегі қарды жаппай шығаруды ұйымдастыру туралы, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды тұрғын үй алаңдары мен аумақты қардан тазартуға шақыру және қаптардың, құм және инертті материалдардың қажетті мөлшерін дайындауды ұйымдастыруды айтты.  «Задепо» және «Қызылжар» аймақтарына қосымша құм жеткізу, сондай-ақ, басқа да су тасқынына қарсы шараларды жедел ұйымдастыруды тапсырды.

Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевқа және аудан әкімінің бас инспекторы Б.Сауытовқа жүктелді.

                                                                                                                                       Темір Газеті.