Қураған шөп пен қоқысты өртемеңіз!

0
99

Далалық пен елді-мекендерде қараусыз жатқан қураған шөп пен тұрмыстағы қалдық қоқыстарды жағу – ауқымды өртті әкелудің басты себебі болып табылады.   Сонымен бірге, жиналған жапырақтарды, шөп пен қоқысты жаққан кезде ауаға неше түрлі зиянды заттар да бөлінеді. 2022 жылы Темір ауданының № 16-шы ӨСБ жеке құрамы, әсіресе жаз айларында, қураған шөп пен қоқыстың өртенуінен көлемді өрттің  пайда болуына байланысты  әрбір апта сайын  2-3 рет шығатын кездері жиі болып тұрды.  

Биыл біз мұндай жағдайларды болдырмау үшін осы бастан қауіпсіздік шараларын жасап жатырмыз. Темір ауданының ТЖБ және №16-шы ӨСБ қызметкерлері демалыс күндері Шұбарқұдық кентінде аула аралауға шығып, өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мұнда, тұрғын үй ауласындағы тәртіпті сақтау бойынша сұрақтар қозғалып, әсіресе электр және газ қондырғыларының орнатылуы, от көзін дұрыс пайдалану және балаларды үйде жалғыз қалдырмау басты назарда болып тұр.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! От көзін пайдаланған кезде сақтық шараларын естен шығармайық. Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қураған шөп пен қоқысты өртеуге, қоқыс жәшігіне немесе жерге сөнбеген сіріңке мен темекі тұқылын тастауға, желді күні дала мен аулада от жағуға болмайтынын және өзіңіздің учаскеңізді жиі тексеріп, қураған шөптен тазартып отыруды ескертеді. Өзіңіздің үйіңіз бен өміріңізді оттан сақтаңыздар!  Біз сіздердің түсіністікпен қарайтындарыңызға сенеміз. Төтенше жағдайлар кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар!

 

                                                                        Темір аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.