Елге қызмет етуде

0
132

          Газ – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рол ойнайтын сала.  Жыл өткен сайын елімізде көгілдір отынды  тұтынушылардың  саны көбейіп, газға деген сұраныс артып келеді. Мәселен, соңғы үш жылда еліміз бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну деңгейі екі еседен астам, сонымен бірге соңғы бес жылда халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 30-дан 50 пайызға дейін өскен. Сондай-ақ соңғы бесжылда газ желісіне қосылған балабақшалар, мектептер, ауруханалар және әлеуметтік  және коммуалдық саладағы басқа да нысандардың саны артты.

Тәуелсіздік жылдары көмірсутегі шикізатының негізгі көздері мұнай кен орындарына тиесілі болды.  1999-2003 жылдары Кеңқияқ өңірінде тұтынушыларды газбен қамтамасыз еткен «Бейнет» ЖШС (директоры К. Жұмағалиев) мен «Айқап» ЖШС (директоры М. О. Утеғалиев) болды.

Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл, Құмсай және Қопа ауылы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары бүгінде жалғасын табуда. Бұл өңірде бұған дейін де, тұрғындардың игілігі үшін, басқа да көптеген жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен, қарапайым жұртқа ең керегі – осы көгілдір отын еді. Сондықтан, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік  сатып алу туралы» Заңы аясында мердігер мекемені анықтау мақсатында өткізілген конкурс нәтижесінде, 2003 жылдың 7 маусымында Компания «Техногаз» ЖШС  нарық рыногына шықты. Компанияның құрылтайшысы Зарипов Хабиболла Галимулович, бірінші директоры Ерқасымов Қанат болды. Кейін Компанияның  Бас директоры  болып Әміртаев Руслан Базарович тағайындалды.

Бүгінде компанияда барлығы 71 адам жұмыспен қамтылған. Олардың  негізгі жұмысы – техникалық қызмет көрсету, жабдықтау, тасымалдау және монтаждау болып табылады. Компания «Техногаз» ЖШС-ның Кеңқияқ бөлімшесін Қ. Жұбанов Университетіндегі мұнай-газ саласы инженер-технологі мамандығы бойынша бітірген,  білікті маман Оспанов Темірлан Кәкімұлы басқарады. Адамның жеке басының қасиетін  жұмыс барысында байқалады. Темірлан Кәкімұлы – өз жұмысын  жетік біледі, сондықтан осы салада қандай мәселеде болсын барлық жауакершілікті бірінші кезекте өзіне алады.

Темірлан Кәкімұлы басқарған   бөлімше,  сонымен қатар Байғанин ауданының Бұлақтыкөл, Жаңатаң,  Кемерши ауылдарына да табиғи газ жүрізіп, тұрғындар көмір жағу тауқыметінен құтқарғанын да айтуымыз керек.

Ауылдың тұрмысы мен шаруашылығына  көп араласқан Т.К. Оспановтың Темір аудандық маслихатының депутаттығына алтыншы шақырылымда № 369-шы сайлау учаскесінен  сайлануы –  оның еңбегінің ескерілгендігі деп  есептеймін.

Сондай-ақ компания, осы өңірде мұнай өндіруші       және қызмет көрсетуші компанияларға, яғни КМК «Көкжидемұнай» АҚ, «Казтрансойл» АҚ, «Кеңқияқмұнай» МГӨБ, «Семсер» ЖШС, «МТехсервис» ЖШС, ККТ ЖШС (Қазақ-қытай құбыры), КСК ЖШС-на техникалық, тасымалдау, жабдықтау қызметтерін ұсынады.

Жалпы, бүгінде  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасына сай, халыққа  жайлы    жағдай  жасау  мақсатында,  Компания «Техногаз» ЖШС бірқатар  игі жұмыстар атқарып  отыр. Мысалы, Президент Қ. Тоқаев өз сөзінде жастарды жұмысқа орналасуына жәрдемдесу қажеттігін бірнеше рет атап өтіп, «Қазақстан үшін басты басымдық – жастарды қолдау және елдегі адами капиталдың сапасын дамыту» деп атап өткен болатын.

Жыл сайын елімізде еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Олардың өмірден өз орнын тауып, еңбекке араласып, еліміздің дамуына өз үлесін қосып, еңбек нарығына енуінің маңызы зор. Бүгінгі күні Компания «Техногаз» ЖШС 65 жасты жұмыспен қамтып отыр. Компания алдағы уақытта да елге адал қызмет ете береді.

                                               С. Т. ТӨЛЕШОВ,

                                             Кеңқияқ ардагерлерінің бастауыш

                                                          ұйымының төрағасы.