ЕРЕЖЕ

0
106

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес аудандық «Темір» газетінде Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері кандидаттарына баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

1.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру, қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см. құны —  200 теңге.

2.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру, түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 250 теңге.

3.Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттың ұсынылатын мәтіндік, фото жәнет.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.

4.Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.

  1. Сайлауалды үгітті орналастыру «Сайлау-2023» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.

Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.