БӨГЕТТІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ НАЗАРДА

0
69

Аудан әкімі С.Аманбаев Темір қаласындағы жұмыс сапары кезінде «Жекесай» бөгетінің құрылысымен және су тасқынының алдын алу бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстардың барысымен танысты.

Жұмыс барысын аудан әкімінің бас инспекторы Б.Сауытов, Темір қаласы әкімінің м.а. Р.Абдрахманова және бас мердігер «СК Гранд Канал» ӨК өкілдері таныстарды.

«Жекесай» бөгеті Темір қаласының оңтүстік батысында 11 шақырым қашықтық жерде орналасқан. Бөгеттің ірге тасы — 1970 жылы қаланып, пайдалануға берілген. Ұзындығы — 950 метр, төбе бойымен арнаның ені — 4.5 метр бөгет ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Бүгінде облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер — «СК Гранд Канал» ӨК. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 18 мамырында бастау алды. Бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары — 95% аяқталды.

Аудан басшысы Темір қаласы әкімінің м.а. Р.Абдрахмановаға күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін және көзделген мерзімде қолданысқа берілуін тапсырды.

Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевқа міндеттелді.

Темір газеті.