Мереке атап өтілді

0
31

2023жылдың 6-тамыз күні аудандық  Мәдениет үйінде көлік қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай теміржолшыларға арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары  Р.Құдайбергенов теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ел экономикасының өркендеуіне, қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктері мен көлік және тасымал саласындағы сүбелі үлестері үшін ризашылық білдірді.

Мерекелік басқосуда теміржол қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» ұлттық акционерлік қоғамының

«АДАЛ ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН және Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «ҚТЖ-жүк тасымалы» филиалы төрағасы Е.Төлегеновтың алғыс хатымен:

Шұбарқұдық стансасының тасымал құжаттарын өңдеу жөніндегі  операторы Алпысбаева Гүлшара Темірбайқызы марапатталды.

«Қазақстан темір жолы — жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының директоры Б.Беркінбаевтың алғыс хаты

поезд құрастырушысы Муканов Мұрат Тажиевичке табысталды.

«Қазақстан темір жолы- жүк тасымалы» ЖШС бас директорының м.а. М.Кокрекбаевтың алғыс хатымен кезекші жанындағы оператор Ермекова Кунсулу Сагыновна марапатталды.

Сонымен қатар «ТЕМІР АУДАНЫНА СІҢІРГЕН ЕРЕКШЕ ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен:

Шұбарқұдық стансасының тасымал құжаттарын өңдеу жөніндегі  операторы Қалниязова Маншук Амангосовна және Қандыағаш белгі беру байланыс дистанциясының аккумулятор қуаттаушысы Мукашов Сейткали Муратович марапатталды.

 

 

 

 

Аудан әкімі С.Аманбаевтың алғыс хатымен:

Кезекші жанындағы оператор – Досқалиева Гүлжамал Надырбекқызы

Вокзал кезекшісі – Наурызбаева Әсел Әмірханқызы

Газ түтінінен қорғау шебері – Сунгатуллин Ильгиз Аманкелдіұлы

«Транстелеком» АҚ Шұбарқұдық байланыс учаскесінің электромеханигі – Джумаев Момыш Жұбанұлы

Вагон қараушысы – Уралбаев Сайлаубай Наукұлы

Бақылау сынау пунктінің электромонтері – Изтаева Бұлжетпес Сағындыққызы

Бақылау сынау пунктінің  аға электромеханигі – Татабай Өмірзақ Байдауылұлы

46 разъездің бекет кезекшісі – Жамуханов Аманғали Мыңжасарұлы

Жол бөлігі өткелінің кезекшісі – Байсуова Заризат Абылайовна

Жол бөлігі өткелінің аға шебері –Алкуатов Калыбек Шоферович

Шұбарқұдық айналым депосының таспа шешушісі – Айдакешова Акмарал Саматқызы

Шұбарқұдық айналым депосының  есеп бөлімі операторы – Дарбаева Гүлнар Қыдырбайқызы

Әскерилендірілген темір жол күзетшісі – Хусайнов Алмас Алпанұлы марапатталды.

Салтанатты шараның соңы  концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарлама барысында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер шырқап, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

 

Ж.Есбергенқызы,

мәдениет үйінің қызметкері.