ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

0
55

«ЕЛ ҮШІН АЯНБА — ЕРЛІГІҢЕ СЫН, ЖҰРТ ҮШІН АЯНБА-ЖІГІТТІГІҢЕ СЫН» ДЕП ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АЙТҚАНДАЙ, ЕРЛЕР ҚАШАНДА ӨЗ ІСТЕРІМЕН ТАНЫЛАТЫНЫ БАРШАМЫЗҒА МӘЛІМ. САНАЛЫ ҒҰМЫРЫНЫҢ 30 ЖЫЛЫН АУДАНЫМЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА АРНАҒАН, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ҰЗАҚ ЖЫЛ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН, АУДАН ЖҰРШЫЛЫҒЫНА МЫҚТЫ РЕНТГЕНОЛОГ РЕТІНДЕ ТАНЫЛҒАН, ӨЗІ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, ЕҢБЕК ЖОЛЫНДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН, ТЕМІР ТОПЫРАҒЫНАН ШЫҚҚАН АЙТУЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ БІРІ БАЛБОСЫНОВ ЕРСАЙЫН БАЛБОСЫНҰЛЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ТУҒАН ЖЕРІ ТЕМІРДІҢ ТӨРІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ЕМХАНА ҚАБЫРҒАСЫНА ЕСКЕРКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.

өмірлеріне қамқор болуға арнаған темірлік азаматтың құрметіне арналған салтанатты шараға жиналған көпшілікті, туыстарын, әріптестерін аудан әкімі Саламат Аманбаев, Облыстық мәслихаттың депутаты Б. Ізбасов, аудандық аурухананың бас дәрігері Сержан Жанахметов құттықтаса, ұзақ жылдар қызметтес болған әріптестер атынан Сағымжан Жанғалиев, туыстары атынан Ерсайын Балбосыновтың ағасы Нұғмет Балбосынов пен Астана қаласындағы академик Нұрлан Ерсайын Балбосынұлы 1973 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1979 жылы «емдеу ісі» мамандығын аяқтаған соң 1 жыл бойы облыстық клиникалық ауруханасында рентгенология мамандығы бойынша білімін жетілдіріп, интернатурадан өтеді. Еңбек жолын 1980-1985 жылдар аралығында Исатай ауданынан бастаған білікті маман, 1985 жылдан бастап, туған жеріне келіп, 2003 жылға дейін денсаулық саласында дәрігер-рентгенолог, бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарды. 2003-2005 жылдар аралығында аудан әкімінің орынбасары болып еңбек етсе, 2005 жылдан бастап, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қызметіне ауысып, 2022 жылы зейнеткерлікке шықты.
Көзі тірісінде Е. Балбосынов қай қызметте болмасын, жалған қолпашқа бой алдырмаған, байсалды мінезімен, іскер басшы ретінде танылып, ұжымдастарының және аудан жұртшылығының арасында үлкен беделге ие болды. Ол қызмет жолында 2000 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкері кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау министрінің «Еңбек Ардагері» төсбелгісімен және басқалай да көптеген марапатқа ие болған білікті дәрігер ретінде, 1999 жылы есімі «Әйгілі адамдар» кітабына жазылса, 2002 жылы «Денсаулық» жылында медицина қызметкерлеріне арналған «Қазақстанның денсаулық саласы» кітабына және «Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары» энциклопедиясына енген.
Білімін игілікті істерге, адамдардың денсаулығы мен Батпенов атындағы ұлттық ғылми травмотология және ортопедия орталығынның жоғарғы санаттағы травмотолог-ортопед дәрігері, Е.Балбосыновтың ұлы Бағдат Балбосынов т. б. елім деп аянбай еңбек етіп, өмірден өткен ер туралы естеліктер айтты.
Салтанатты жиын соңында Ерсайын Балбосыновтың құрметіне арналған ескерткіш тақтанының пердесін ашу рәсімін Ерсайын Балбосыновтың тұңғыш немересі Әлішер Балбосынов пен ұзақ жылдар қызметтес болған, зейнеткер Есенгелді Нағауов жасады.
Иә, ел үшін еңбек еткен ерлердің есімі ешқашан өшпейді. Келер ұрпақ олардың еңбегін алдағы сандаған ғасырларда да елеп, құрмет көрсете беретініні даусыз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ