ЕКІ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ЖУЫҚТА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. ОНЫҢ БІРІНШІСІ — АБАТТАНДЫРЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ БЕКЕТІНІҢ АЛАҢЫ БОЛСА, ЕКІНШІСІ — ТЕРІСКЕЙ АУМАҒЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ КОРТ. МҰНДА ТЕМІР ЖОЛ БЕКЕТІНДЕГІ АЛАҢДЫ АБАТТАНДЫРУДЫ «ДИАРАМА АҚТӨБЕ» ЖШС ЖАСАП ШЫҚТЫ. АЛ СПОРТТЫҚ КОРТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАҒАН — «ЭКОТРАНССТРОЙСЕРВИС» ЖШС БОЛАТЫН. ҚОС НЫСАННЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВПЕН БІРГЕ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Ж. ИМАШЕВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ Қ. НҰРАЛЫ, АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.
«Диарама Ақтөбе» ЖШС осы ісімен, жолаушылар мен теміржол бекетіне жақын орналасқан тұрғындарға қолайлы жағдай жасап шықты. Атап айтқанда алаңға тас төселіп, жаяу жүргіншілер жолының бойына түнгі уақытта бүкіл аумақты жарықтандырып тұратын шамдар, келушілердің демалуына арналған орындықтар орнатылды.
Гүлзардың ашылу салтанатында аудан басшысы С. Аманбаев пен темір жол саласының ардагері А. Қонаев, тұсау кесер рәсімін жасап, аудандық мәслихаттың төрағасы Б. Шаимов, аудандық «Темір» газетінің редакторы М. Әділханұлы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Салиманов, Шұбарқұдық станциясының басшысы А. Абдуллин және т. б. аймақ тұрғындарын абаттандыру жұмысының аяқталуымен құттықтап, ардагер М. Нұғманов ақ батасын берді.
Айта кетейік, Ақтөбе магистральдық желі бөлімі» АҚ-сы, алдағы уақытта гүлзарға ағаштар мен гүлдер отырғызылатынына және бекеттің күту залындағы темір орындықтарды ыңғайлы түріне ауыстыруға, жылу батареяларының санын көбейтуге, ғимараттың жылыту жүйесі мен шатырын толығымен жаңалауға уәде беріп отыр.
Сонымен бірге осы күні, Шұбарқұдық кентінің Теріскей аумағындағы спорттық корттың ашылу салтанаты болып өтті. Бұл жиында жаңа нысанның тұсау кесер рәсімін аудан әкімі С.Аманбаев пен Б. Салиманов жасап, ардагерлер құттықтау сөз сөйледі және естелік суретке түсті. Спорттық корттың салтанатты ашылу рәсімінің соңы – мектеп оқушыларының екі командаға бөлініп, футбол ойнауымен жалғасты.
Қос нысанның ашылу салтанатында қазақтың салт-дәстүріне сай шашу шашылып, көпшілік тарапынан құтты болсын айтылды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.