АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

0
78

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫСҚА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, АППАРАТ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ, МЕКЕМЕ, БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Отырыстың күн тәртібінде «Жер қатынастары саласындағы жүргізілген жұмыстар мен мақсатсыз пайдаланылған жер учаскелерін қайтару, қайта айналымға беру» (Баяндамашы жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Сәлімгерей), «Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жасалған жұмыстар» (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Махимова), «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында жұмыстардың жүргізілу барысы, жұмыспен қамту шаралары» («Мансап» орталығының басшысы Ә. Көшербаев) туралы баяндамалар тыңдалды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі С. Аманбаев, баяндамшыларға сұрақтар қойып және алдағы атқарылар жұмыстың бағыт-бағдарына кеңес берді.
— Жер қатынастары бөлімі қайтарылған жер учаскелерін қайта беруді заң талаптарына сәйкес жүзеге асыруды жалғастыруы керек, — деді мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы. — Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Мансап» орталығының кейбір бағыттар бойынша атқарған жұмыстарының 39 немесе 47 пайыз деген көрсеткіштері көңілді көншітпейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тиесілі әлеуметтік көмектердің берілуін өз деңгейінде ұйымдастыру, жұмыссыз тұрғындардың кәсіп ашуына қолайлы жағдай тудыру үшін, ескі жұмыс істеу форматын бүтіндей өзгерту керек. Бұл сөз – басқа мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық және қалалық округ әкімдеріне де тиесілі. Жыл аяғына дейін әлі уақыт бар. Сондықтан қарқынды жұмыс істеп, олқылықтың орнын толтыруға әрекет ету қажет.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.