ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

0
23

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ. ЖИЫНҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Жиында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұханов, әлеуметтік нысандар мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандарын күзгі-қысқы мезгілге дайындаудың бекітілген жоспары бойынша баяндама жасады және бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды тізбелеп, қазіргі ахуал барысын айтып шықты.
Аудан басшысы баяндамадан кейін А. Қалмұхановқа, бекітілген жоспарға сәйкес жылыту маусымын жүзеге асыруды, қазандықтар мен жылу жүйелерінің жай-күйін қайта тексеруді, тұрғындарға қауіпсіздік шараларына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.