ЖАҢА БИ СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

0
58

ЖУЫҚТА ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНДЕ, 2018 ЖЫЛДАН БЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДОДАЛАРДА ТОП ЖАРЫП ЖҮРГЕН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ДӘУРЕНБАЙ КӘМШАТ ЕРКІНҚЫЗЫ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕТІН «ШАЛҚЫМА» БИ ТОБЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.

Би студиясы оқу кабинетін, математика сыныбын, тігін шеберханасын қамтиды. Тігін шеберханасында бишілердің кастюмдері тігілуімен қатар, өзге тұрғындарға да қызмет көрсетілетін болады.
Аудан әкімі С. Аманбаев, «Шалқыма» би студиясы орталығының ашылу салтанатына қатысып, кәсіпкер мен ұжым мүшелерін құттықтап, сәттілік тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.