АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ
ҚАЗАҚҚА «АБАЙ ЖОЛЫН» СЫЙЛАҒАН ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА, ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫСЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ҰРПАҒЫ, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ, ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ МҰРАТ ӘУЕЗОВ — МЕРЕЙЛІ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ. МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЖӘНЕ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫН, ЕҢБЕКПЕН ЖЕТКЕН АБЫРОЙЫН ЖАСТАРҒА ҮЛГІ ЕТІП, ЕҢБЕК ПЕН БАҚЫТ ЕГІЗ ҰҒЫМ ЕКЕНІН, ОЛ ТЕРЕҢ БІЛІММЕН АСТАСҚАНДА ҒАНА БОЛАШАҚҚА ІЗ ҚАЛДЫРА АЛАТЫНЫН, ЖАС ЖЕТКІНШЕККЕ ЖЕТКІЗУ, ЖАҚСЫЛАРҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕУГЕ ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.
Шарада қазақтың танымал қайраткерінің өмірбаяны мен еңбегі айтылып, әсем ән шырқалып, отты өлеңдер оқылды. Атап айтқанда, шараға қатысқан № 3-ші Шұбарқұдық ЖОББ мектебінен Расов Азамат, Тұрсын Альбина, № 4-ші Шұбарқұдық ЖОББ мектебінен Алқуат Алуа, Өмірзақов Ерқосай сынды оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа оқыса, Ж.
Кереев атындағы ЖОББ мектебінің мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері Бердіғали Сымбат пен Серік Інжудің сахнада жоғарғы сыныпта оқитын аға-апаларымен қатарласа тұрып, өз өнерлерін көрсетті.
Қазақтың рухани мәдениетін дамытуға, Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени құндылықтарын зерттеуге, насихаттауға қосқан өлшеусіз еңбегі бар тұлғаға арналған шараның өткізілуіне ұйымшылдықпен атсалысқан мектеп ұжымдарына, ұйымдастырушылар атынан алғысымызды айтамыз.
Л. ШАДМАНОВА,
аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі