ЕҢБЕК ЕШ КЕТПЕДІ

0
28

БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ӘР ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕКТІҢ СОҢҒЫ ЖЕКСЕНБІСІ — ЕҢБЕК КҮНІ МЕРЕКЕСІ РЕТІНДЕ АТАП ӨТІЛЕДІ. ХАЛҚЫМЫЗ, СОНАУ ҒАСЫРЛАР ҚОЙНАУЫНДА ӨМІР СҮРГЕН АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДАН БАСТАП, БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА ДЕЙІН ТЫНБАЙ ЕҢБЕК ЕТУІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛІМІЗ, ДАМЫП, ӘЛЕМДЕГІ ТАНЫМАЛ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫ. БІЗДІҢ АУДАНЫМЫЗДА ДА ЕҢБЕК СҮЙГІШ ЖАСТАР КӨП. СОЛАРДЫҢ БІРІ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ ЕСБОЛ МӘУЕНИЯЗОВ.

Мамандығы мұғалім, жоғары білімді ол, үстіміздегі жылы келісімшарт бойынша аудан әкімдігінен 5 гектар жерді жалға алып, оның 3 гектарын игерді. Игерілген жерге көкөніс еккен Есбол, алғашқы жылдың өзінде әжептәуір мол өнім алды.
— Бүкіл көктем мен жаз бойы еткен еңбек еш кетпеді, — дейді ол. – Бүгінде отбасыммен бірге өнімді жинап жатырмыз. Биылғы көктем кеш шығып, егінді кешірек салғанымызға қарамастан, алынған өнім бізді қанағаттандырып отыр. Келесі жылы жалға алған 5 гектар жердің барлығын түгел игеремін деген жоспарым бар.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.