АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
40

20 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДІГІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРЫП, ШҰБАРШИ МЕН ҚҰМСАЙ ЖӘНЕ ҚОПА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, 2023 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛҒАН БІРҚАТАР ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДА ЖАСАЛАР МІНДЕТТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ. ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУГЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Шұбарши ауылындағы тұрғындармен кездесуде, Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйіншалин, 9 айда атқарған жұмыстарының есебін берді. Мұнда ауыл ішіндегі жасалған жұмыстармен бірге, ауыл сыртындағы атқарылған істер, мәселен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына «Кеңқияқмұнай» МГӨБ және «КМК Мұнай» компаниясының
жәшіктері, субұрқақ, тас төсем, қақпа орнатылатын болады. Аудан әкімі С. Аманбаев, округ әкіміне құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және жобаны уақытылы әрі талапқа сай етіп, жүзеге асыруды тапсырды.
Құмсай ауылының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде аудан әкімі С. Аманбаев, алдағы мақсат-
Аудан әкімі С. Аманбаев кездесуден соң, «Техногаз» ЖШС басшысы Т. Оспановпен бірге, Қопа ауылындағы газ құбыры желісін қарады. Бұл газ құбыры 90-жылдары Қопа мен Құмсай елді мекендерінің арасына тартылған, кей жерлерде газ құбыры тікелей жердің бетімен жүргізілген. Сондықтан, ұзақ мерзімде пайдаланудың нәтижесінде, қазіргі таңда 11 шақырымдық газ құбырын тат басып, тозығы жеткен. Аудан әкімі «Техногаз» ЖШС басшысы Т. Оспановқа 11 шақырымдағы газ желісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында күзгі-қысқы кезеңдегі қалыптан тыс жағдайдың алдын алу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Бұдан кейін аудан әкімі С. Аманбаев, Қопа ауылындағы саябаққа да барды. Аталмыш саябақ құрылысын «Шебер» ЖШС жүргізуде. С. Аманбаев осында жекелеген тұрғындармен кездесіп, салынып жатқан саябақ бойынша ұсыныстарын тыңдады және М. Шүйіншалинге құрылыстың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.демеушілігімен арнайы техника алынып, тазарту жұмыстары жүргізілгені де қамтылды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан атқарған жұмыстар жөнінде жылы лебіздер білдіріліп, алдағы уақытта көшелерді жарықтандыру, мәдениет үйі құрылысын жүргізу, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша мұнара салып, тереңдік сорғыларын орнату, қалдықтар жинау полигонын ретке келтіру секілді мәселелер қозғалды. Аудан басшысы С. Аманбаев, кездесу соңында округ әкімі М. Шүйіншалинге аталған мәселелерді бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Шұбаршиде болған кезінде аудан әкімі С. Аманбаев, ауылдағы саябақтың жөндеу жұмысының барысын қарады.
Бұл жоба мердігері — «Шебер» ЖШС. Саябақ аумағы — 1000,0 шаршы метр. Саябаққа жарықтандыру жүргізіліп, орындықтар, қоқыс
міндеттер туралы айтты. Ал, тұрғындар тарапынан мектептің төбесіне құрылыс жұмысы жүргізілу қажеттілігі мәселесі көтерілді. Өз кезегінде округ әкімі М. Шүйіншалин, Құмсай мектебінің төбесіне жасалып жатқан құрылыс жұмысы аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.
Осы күні аудан әкімі С. Аманбаев, Қопа ауылының тұрғындарымен де есептік кездесуге қатысты. Жиында округ әкімі М. Шүйіншалин, Қопа ауылындағы атқарылған жұмыстармен және алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті. Кездесуде тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша блок модульдің үздіксіз жұмыс жасап тұруы туралы мәселесін айтып, «Ауыл аманаты» жобасы жөнінде сұрақтар қойды. Бұл мәселе бойынша округ әкімі М. Шүйіншалин, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі блок модульдің үздіксіз жұмыс жасауы басты назарда екенін жеткізді.
Сөз соңында айта кететін жайт – аудан басшысы С.Аманбаевтың Құмсай мен Қопа ауылындағы тұрғындармен және «Техногаз» ЖШС басшысы Т. Оспановпен кездесуінде газ құбырларын ауыстыру мәселесі сөз болды. Бұл мәселе туралы округ әкімі М. Шүйіншалин, барлық газ құбырларын ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама бұрын жасалғанын, бірақ оның дұрыс болмай шығуына байланысты қазір жаңа жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын, оның екі апта ішінде дайын болатынын, құжаттаманы әзірлеу аяқталғаннан кейін қаржы бөлуге ұсыныс жасалатынын, 2024 жылы жоба құрылысы басталатынын хабарлады. С. Аманбаев, округ әкімі М. Шүйіншалинге, жобалық-сметалық құжаттаманы бітіруді жеделдетуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛІШМІЗ.