Жыл басынан бері 259 өтініш келіп түсіп, оның 161-і оң шешімін тапты
«AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен күнделікті қабылдауда.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды партияның Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдар басшылары қабылдап, мәселенің оң шешілуіне атсалысады. Сонымен қатар, келушілерге «Құқықтық көмек» партиялық жобасы бойынша заңгерлік көмек көрсетіледі.
Айта кетелік, жыл басынан бері аудан бойынша 259 өтініш келіп түсіп, оның 161-і оң шешімін тапты. Оның ішінде денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, әлеуметтік қамту, тұрғын үй-коммуналдық қызметтері мен елді мекендердің инфрақұрылымы, жұмыспен қамту, т.б. мәселелер бар.
«AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы