«ТЕМІР ЖЫР ҚҰШАҒЫНДА»

0
72

ТЕМІР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨЛКЕЛІК АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН НАСИХАТТАУ, КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУ, ӨЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІН ДӘРІПТЕУ МАҚСАТЫНДА, «ТЕМІР ЖЫР ҚҰШАҒЫНДА» АТТЫ АУДАНДЫҚ КӨРКЕМСӨЗ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ. БАЙҚАУҒА 12-16 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕН ЖӘНЕ ШҰБАРҚҰДЫҚ ЖОББМ-ЛАРЫНАН 19 ОҚУШЫ ӨЗ БАҚТАРЫН СЫНАП, ЖЕРГІЛІКТІ ЕКІ ҚАЛАМГЕРДІҢ БІР ӨЛЕҢІ НЕМЕСЕ ШЫҒАРМАСЫНАН МОНОЛОГ РЕТІНДЕ ЖАТҚА ОҚУҒА ТИІС БОЛДЫ.

Байқаудың нәтижесінде, № 3-ші ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. С. Балмұханова, «Күміс қалам» және «Т.Айбергенов» атындағы сыйлықтың иегері, жерлес ақын Ершат Қайболдин, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры М. С. Ибраймованың төрелік етуімен, 6 қатысушы іріктеліп, жүлделі орындарға ие болды. Бас Жүлдені Н.Қалмағанбетовтың «Түс» және Е. Қайболдиннің «Досыма» өлеңін мәнеріне жеткізе жатқа оқыған Ж. Кереев ЖОББМ-нің оқушысы Асқаров Жансерік жеңіп алса, І-ші орынды Ж. Кереев ЖОББМ-нің оқушысы Қуатова Аружан иеледі. Ал ІІ-ші орын Еңбекші мектеп-балабақшасының оқушысы Қалниязова Інжу мен Теректі мектеп-балабақшасының оқушысы Қырымқұлов Нұрасылға бұйырса, Ж.Кереев ЖОББМ-нің оқушысы Мәлік Әли мен Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының оқушысы Айтуған Жансезім ІІІ-ші орынмен қанағаттанды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар арнайы Дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, байқауда белсенділік танытқан барлық қатысушыларға «Алғыс хат» табысталды.
Кеш соңында кітапхана қызметкерлері «Өз өлкеңді сүй, тарихыңды құрметте!» атты кітап көрмесін жасақтап, библиографиялық шолу жасады.
Г. Д. ДЖАНАДИЛОВА,
аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің әдіскері.