«ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛАДЫ»

0
71

ТЕМІР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ МЕН КЕҢҚИЯҚ АУЫЛДЫҚ МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫНДА, БІРАЗ ЖЫЛДАР БОЙЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТКЕН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ, «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА АТСАЛЫСУШЫ, «ЖЫЛ АДАМЫ-2014», «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ИЕГЕРІ ҚҰБАШЕВА АРДАҚ МҰҒАЛҚЫЗЫМЕН, ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ РУХ БЕРІП, ЕҢБЕК ПЕН БІЛІМГЕ БАУЛУ МАҚСАТЫНДА «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛАДЫ» АТТЫ СЫР-СҰХБАТ КЕШІ ӨТКІЗІЛДі.

Шара барысында Ардақ Мұғалқызының өмірі мен қызметтік жолы туралы сұрақтар қойылып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мәдениет саласында атқарған еңбегі жайында әдемі әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, кеште Кеңқияқ музыка мектебінің директоры Бегимов Асылжан «Ерке сылқым», «Көроғлы» күйін тарту етсе, мәдениет үйінің қызметкері Дәулешов Нұрболат «Ауылым», Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әндерін шырқап, кештің жақсы өтуіне өз үлестерін қосып, көрермендерді бір серпілтті. Шараға Кеңқияқ ЖОББМ-нің ұстаздары мен оқушылары, музыка мектебінің қызметкерлері және Кеңқияқ ауылдық әкімдігінің қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты.
Шара соңында Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. А. Мағауияұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапханашыларға өз ризашылығын білдірсе, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Маржан Сағымқызы мен кітапхана меңгерушісі Мая Сейтова, кеш қонағы — Ардақ Мұғалқызына сый-сияпат пен                                                                                                                                                                                                «Алғыс хат» табыстады.
Г. Д. ДЖАНАДИЛОВА,
кітапхана әдіскері.