ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛДЫ

0
47

ҰСТАЗ – ДЕГЕН ЕСІМДІ ЕСІТКЕНДЕ, КӨЗ АЛДЫМЫЗҒА ШӘКІРТКЕ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРЕТІН, ЖҮЗІ МЕЙІРІМДІ, ЖҮРЕГІ ЖЫЛУЛЫҚҚА ТОЛЫ, ӨТЕ МӘДЕНИЕТТІ ДЕ ПАРАСАТТЫ ЖАН ЕЛЕСТЕЙТІНІ АНЫҚ. ӨЙТКЕНІ, БАРЛЫҚ АДАМ ҰСТАЗДЫҢ АЛДЫНАН ӨТКЕН ЖӘНЕ ҰСТАЗДЫҢ СОНДАЙ ЖАН ЕКЕНІН ӨЗ КӨЗІМЕН КӨРГЕН. СОНДЫҚТАН ҰСТАЗҒА ДЕГЕН ӘРБІР АДАМНЫҢ ҚҰРМЕТІ ЕШҚАШАН САРҚЫЛМАЙДЫ. МҰНЫ БИЫЛ ҰСТАЗДАРДЫҢ КӘСІБИ МЕЙРАМЫ — РЕСМИ ТҮРДЕ ҮКІМЕТ ҚАУЛЫСЫМЕН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ СӘЙКЕС, 5 ҚАЗАНҒА БЕКІТІЛГЕНІ ЖӘНЕ ЖУЫҚТА Н. БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАН ҰСТАЗДАРЫНА АРНАЛҒАН «ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР…» АТТЫ ІС-ШАРА ТАҒЫ БІР РЕТ ДӘЛЕЛДЕДІ.

Іс-шара Темір ауданы әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевтың, ауданымыздағы білім беру мекемелерінде 1200 ұстаз қызмет атқаратынын, жаңа оқу жылында 24 мектеп және 4 қосымша білім беру мекемелері, 13 балабақша мен 3 жеке балабақша өз жұмысын бастағанын, сонымен қатар ағымдағы жылы «Жайлы мектеп» жобасымен ауданда 2 мектеп — Шұбарқұдық кентінде 600, Кеңқияқ ауылында 300 орындық мектеп құрылысы басталғанын айта келе, ұстаздарды өткен мерекемен құттықтап, жұмыстары мен отбасыларына жақсы тілек білдірумен бірге, білім саласының ардагерлері мен ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген бір топ оқытушыларға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің және Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төсбелгісін, «Құрмет Грамотасын», аудан әкімінің «Алғыс хатын», сондай-ақ «Айша бибі» шипажайында демалуға сертификат тапсыруымен басталды.
Сонымен бірге іс-шарада, аудандық оқу бөлімінің басшысы А.Өсербаев пен аудандық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Сабенова бірқатар мұғалімдерді, кітапханашыларды, тәрбиешілерді, есепшілерді т. б. Ақтөбе облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», аудандық білім бөлімі мен білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатымен» марапаттады.
Шара барысында жиналғандар «Шалқыма» би тобы мен өнерлі аудан ұстаздары тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Әбді СӘЛИ.