ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

0
81

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН, ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ШЕБЕР-FEST» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ. ФЕСТИВАЛЬҒА ЕЛІМІЗДІҢ 7 ОБЛЫС, 3 ҚАЛАСЫНАН 40-тан АСА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗ ТУЫНДЫЛАРЫНАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫП ЖӘНЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫН КӨРСЕТТІ. КӨРМЕНІ 1500-ДЕН АСА АДАМ ТАМАШАЛАДЫ.
Шара республикалық «Хабар», «Қазақстан», «Евразия», облыстық «Жетісу» телеарналары және «Алатау-ньюс» ақпараттық сайты, облыстық «Алатау арайы» газеті және әлеуметтік желілер арқылы насихатталды. Шараға ауданымыздан Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Қолөнершілер Одағының мүшесі, Темір ауданының № 1-ші Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі, қолөнер шебері Н. Жақыбаев қатысты.
«Зер қадірін зергер білер» демекші, бүгінгі өз өнерін артынан ерген шәкірттеріне үйретіп, аса үлкен төзімділік пен шыдамдылықты, ептілік пен ыждағаттылықты талап ететін киелі өнерді арқалап жүрген Нұрлан Сәулебайұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.