ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУҒА ТИІС

0
59

Аудан әкімі С. Аманбаев, орынбасарларымен, аппарат пен ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен бірге жиналыс өткізді. Жиналыс барысында аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев және Р.Құдайбергенов, өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, аппарат басшысы А. Сисенов еңбек және орындаушылық тәртіп мәселесіне тоқталса, ауылдық округ әкімдері өздеріне жүктелген тапсырмалар бойынша округтердегі жағдайларды жеткізді Жиналыстың қорытындысында аудан басшысы С. Аманбаев, округ әкімдеріне есепті жылдың соңында жұмысты жандандыруды,барлық көрсеткіштерді орындау бойынша шаралар қабылдауды, барлық қалыптан тыс жағдайлар (электр қуатының үзілуі, хабарсыз кеткен адамдар және т. б.) туралы аудан әкімдігіне жедел хабарлауды, мердігер мекемелер мен тендер ұтып алған ұйымның жұмысын үнемі бақылауда ұстай отырып, барлық техникалардың жоспарлы түрде жұмысқа шығуын қадағалауды, қыс мезгілінде жолдарды тазалауды, ауыл тұрғындарының мәселелерін талқылау үшін уақытылы жиналыс ұйымдастыруды, жұмыс барысында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі мүмкіндіктерін кеңірек пайдалануды тапсырды және аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев пен Р. Құдайбергеновке және барлық ауылдық округ әкімдеріне жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.