АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

0
57

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ. МӘЖІЛІС БАРЫСЫНДА АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. ЖАСАҚБАЕВАНЫҢ «ТЕМІР АУДАНЫ БОЙЫНША КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ҮЛГІЛЕРІМЕН ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫ ТЫҢДАЛДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНСАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Б.БАРСАЕВТЫҢ «ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ИЕСІ БАР ИТ ЖӘНЕ МЫСЫҚТАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТУРАЛЫ» ҰСЫНҒАН АҚПАРАТЫ ҚАРАЛДЫ.Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жүргізілген зерттеу-зерделеу жұмыстарының нәтижесі мен ұсынылған ақпараттарды ескере отырып, қала және ауылдық округ әкімдеріне ақпараттық баннерлер санын арттырып, идеологиялық мазмұнын назарға алуды, аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, талапқа сай емес деректер бойынша жауапқа тартуды ұйымдастыруды, аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Мыңжасарға жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандардың жарнамалық мәтінін ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен мақұлдауды қолға алуды, сондай-ақ Б. Барсаевқа, иесі бар үй жануарларын сәйкестендіруді жандандыруды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевқа жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.