МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ

0
49

ЕЛІМІЗДІ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН, ӨТКЕН ЖЫЛДАН БЕРІ, 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМ МӘРТЕБЕСІ ҚАЙТАРЫЛЫП, ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТУДЕ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, Н. БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ЖАСА, ЖАЙНА ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.Аудан басшылары, ардагерлер, барлық мекемелер мен ұйымдардан өкілдер қатысқан мерекелік салтанатты шара — жиналғандардың Қазақстан Республикасына Әнұранына құрмет көрсетуімен басталды. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, салтанатты жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Кеңестуы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Өтеуовке, Кеңқияқ ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Д.Елтезеровке және Темір аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі М. Әділханұлына Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісін, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы А. Бұқашеваға ІІ-ші Дәрежелі «ЕңбекДаңқы» төсбелгісін, көпбалалы Ана Х. Нұртұрғановаға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа», А.Мамбеталинаға «Күміс алқа» және бір топ мемлекеттік қызметкерлерге аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.
Салтанатты жиында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық ән шырқап, «Шалқыма» би тобы би билеп, жиналғандарға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.