КЕҢҚИЯҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ

0
19

ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМІ САЛАМАТ АМАНБАЕВ, КЕҢҚИЯҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ БОЛАТ ШАИМОВ ЖӘНЕ КЕҢҚИЯҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ҚУАНЫШБЕК СЕРІКЖАНОВПЕН БІРГЕ, АУМАҚТА ОРНАЛАСҚАН АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫНЫҢ, КӨШЕЛЕРДІҢ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖӘНЕ ЕКІ ҚАБАТТЫ 3 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ҚАРАДЫ.

Кеңқияқтағы асфальт-бетон зауыты «Kazintertrans-1» ЖШС-ның меншігінде. Зауыттың өнімділігі – сағатына 90 тоннаны құрайды. Зауыт «Покровка-Кеңқияқ-Ембі» автомобиль жолын күрделі жөндеуге және аудандағы жол құрылысы жұмыстарын жүргізіп жатқан басқа да мердігерлерге келісім-шарт негізінде асфальт өндіріп береді.
Аудан әкімі, зауыт өкілдеріне ауа райын ескере отырып, жұмысты жалғастыруды ұсынды және жаңадан тағайындалған округ әкімі Қ. Серікжановқа, зауытқа қолдау білдіруді тапсырды.
Сол күні аудан әкімі С. Аманбаев, Кеңқияқ ауылдық округіндегі көшелерге асфальт төсеу жұмыстарын да қарады. Бүгінде Кеңқияқтың 9 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бас мердігер – «DEN-GrupPlus» ЖШС. Жобаның қуаты – 7,8 шақырым. Кеңқияқ ауылының 5 көшесінің орташа жөндеу жобасы бойынша бас мердігер «ГК Инжиниринг» ЖШС, қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстарын аяқтап, жол белгілерін орналастырумен айналысуда. Аудан басшысы округ әкімі Қ. Серікжановқа, атқарылып жатырған жұмыстардың сапасы мен асфальттау жұмыстарының уақытылы аяқталып, пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ аудан әкімі С. Аманбаев, екі қабатты 3 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының барысын қарады. «СНПС- Ақтөбе Мұнай Газ» АҚ демеушілігімен барлығы осындай 11 үйге жөндеу жұмыстары жасалмақ. Қазіргі таңда үйлердің төбесі мен сыртын сайдингпен қаптау жұмыстары жүргізілуде.
Қарау соңында аудан басшысы С. Аманбаев, Қ. Серікжановқа ауа райының қолайлы жағдайын пайдалана отырып, жұмыс барысын күнделікті бақылауды, жөндеу жұмыстарын көбірек жүргізуді тапсырды. Бұл ретте, орындалған құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударуды ескертіп өтті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.