ЕКІ ОКРУГТЕ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
48

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, 18 ҚАЗАН КҮНІ ТАСҚОПА, АЛ 19 ҚАЗАНДА ШЫҒЫРЛЫ, АЩЫСАЙ, БІРЛІК, АҚСАЙ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, ТАСҚОПА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ М. ҚОЖАҚОВА, АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Е. БЕГІМОВ, МЕКЕМЕ ЖӘНЕ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Тасқопадағы кездесу барысында ауылдық округтің әкімі М. Қожақованың атқарылған жұмыстар бойынша баяндамасы тыңдалып, тұрғындардың ұсыныс, пікірлері талқыланды. Сондай-ақ аудан басшысы С. Аманбаев өз сөзінде, елді мекенді абаттандыру және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастырылуы тиіс екенін айтып, М. Қожақоваға тапсырмалар берді. Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Осы күні аудан басшысы, Тасқопа ауылына кіреберіс көлік жолының орташа жөндеу жұмыстарын қарады. Мұндағы жұмысты бас мердігер — «Мерей и К» ЖШС атқаруда. Техникалық қадағалаушысы — «Мастерметалпласт» ЖШС. Жөндеу жұмыстарының ұзындығы 33 шақырым. Қазіргі уақытта мердігер осының 12 шақырымына асфальт төсеген.
Аудан әкімі С. Аманбаев, округ әкімі М. Қожақоваға, асфальттау жұмыстарын күнделікті бақылауға алуды, ал мердігер компанияға қолайлы ауа райын пайдаланып, жұмысты сапалы әрі қарқынды жүргізуді ұсынды. Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұхановқа жүктеді.
Сондай-ақ аудан әкімі С. Аманбаев, Тасқопа ауылдық округіне жұмыс сапары кезінде, округтегі «Айбол» шаруа қожалығына барды. «Айбол» шаруа қожалығының басшысы Ж. Тіржанов, 1997 жылдан бері өз кәсібін өркендетіп отырған, қазіргі таңда 365 бас ірі қара малы, 700 бас жылқысы бар тәжірибелі кәсіпкер. Ол ауыл шаруашылығын Аманбаев, есептік кездесуді Ақсай ауылдық округінде жалғастырды. Кездесу барысында аудан басшысы алдымен аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды атап өтті. Сонымен қатар, Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегимовтің «2023 жылдың ІIІ-тоқсаны бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы» есебі тыңдалды. Осындай баяндамалар Ащысай, Шығырлы, Бірлік ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесуде де жасалды. Жиында Шығырлы тұрғындары тарапынан елді-мекенді газдандыру, ұялы байланыс желісін кеңейту, спорт алаңын салу мәселесі қозғалса, ақсайлықтар Ақсай ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізуді, елді мекенді абаттандыруды ұсынды. Тұрғындар көтерген мәселелерге жауап берген округ әкімі Е. Бегимов, Шығырлыда спорт алаңының құрылысы демеушілік қаражат есебінен салынып жатқанын, елді мекенде ұялы байланыс желісін кеңейту мәселесі қарастырылуда екенін, Бірлік ауылына кіреберіс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысын жүргізу бағытында жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталғанын, ауылға ұялы байланыс желісін орнату мәселесі бойынша оператормен келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ақсай ауылдық округіндегі барлық ауылдарда өткен жиындардың соңында аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізді.
Аудан басшысы С. Аманбаев, Ақсай ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесу өткізумен бірқатарда, шаруа қожалықтары мен бизнес нысандарын да аралады. Аудан әкімі қаржылай қолдау қоры — «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2022 жылы 150 бас «Ақ бас» асыл тұқымды ірі қара сатып алған.
Аудан басшысы С. Аманбаев, қожалық иесі Ж. Тіржановқа округтегі ауыл шаруашылығын одан әрі өркендетіп, кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға болатынын атап өтті.
19 қазан күні аудан әкімі С.
Ащысай ауылында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 200 бас қоян бағып жатқан Т. Шакимовтың жеке шаруа қожалығына, Шығырлыда 100 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мен 500 бас ұсақ мал өсіріп отырған Қ. Хамзиннің «Сұлтан Бейбарыс» шаруа қожалығына барды. Сонымен бірге С. Аманбаев, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында, мал бордақылау нысанының құрылысын жүргізіп жатқан «Өтебай» жеке қожалығында да болды. Қожалық иесі А. Өтебай, аудан әкіміне қазіргі таңда бордақылау орнының төбесін жабу жұмыстары жүріп, құрылыс 1 ай көлемінде аяқталатынын, сонымен қатар қысқы мал азығын дайындау науқаны да қызу жүріп жатқанын, малға қажетті шөптің мөлшері жеткілікті екенін айтты.
Ақсай ауылында ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы — құс шаруашылығы. Солардың бірі «Жұбаназаров» жеке қожалығы. Жеке қожалық иесі Т.Жұбаназаров, аудан басшысына өз кәсібін «Ауыл аманаты» жобасы аясында дамытып, 400 дана тауық, 200 дана бройлер тауығын асырап отырғанын, бүгінгі таңға дейін 3500 дана жұмыртқа сатқанын, сонымен қатар құстарды қысқы мезгілде орналастыратын орын дайындап жатқанын баяндады.
«Қуаныш» шаруа қожалығы 154 бас асыл тұқымды аналық мүйізді ірі қара өсіруде. Қазір қожалық мал азығымен толық қамтылып, қысқы мезгілге тас-түйін дайын отыр. Бұл қожалық бүгінде аудан орталығын сүтпен қамтамасыз етуде. Кездесу соңында аудан басшысы «Қуаныш» шаруа қожалығы қожалық иесіне ірі қара малдың аналықтарын сатып алуды одан әрі дамытып, халықтың сұранысын тұрақты қамтамасыз етуге тілектестік білдірді.
Жалпы, аудан әкімі С. Аманбаев, шаруа қожалықтарын аралау барысында олардың иелеріне, атап айтқанда Т. Жұбаназаровқа құстардың қысқы мезгілге дайындығын ерекше қадағалауды ұсынса, А. Өтебайға бастаған кәсібіне сәттілік тілеп, нысанның құрылыс жұмыстарын толық әрі сапалы аяқталуын қадағалау керектігін айтты. Сондай-ақ Қ. Хамзинге мал шаруашылығын одан әрі дамытып, ірі қара мал басын өсіре беруді ұсынды және шаруашылығын одан әрі дамытамын деген кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар әрқашан дайын екенін жеткізді.
Қазіргі таңда ауданымызда мемлекеттік грант иеленіп, жеке ісін ашқан табысты кәсіпкерлер саны артуда. Табыс көзіне айналған, сұранысқа ие, халық жиі тұтынатын өнімнің бірі — кондитерлік өнімдер. Ақсай ауылында бұл бағытта «Самарханова» жеке кәсіпкерлік нысан сәтті қызмет атқарып келеді. Аудан әкімі С. Аманбаев, Ақсай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында кондитерлік өнімін өндірумен шұғылданатын осы нысанға да барды. А. Самарханова, аудан басшысына бүгінде нан өнімі мен халықтың сұранысына қарай тәтті бәліш пен тоқаш пісіретінін айтты. Кездесу соңында аудан басшысы, ақсайлық кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Жоғарыда аталған қос ауылдық округте тұрғындармен есептік кездесу мен жеке қабылдау ұйымдастырған және кәсіпкерлердің нысандарын аралаған аудан әкімі С. Аманбаев, іссапардың соңында М. Қожақова мен Е. Бегімовке, кездесулерге қатысқан бөлім мен мекеме басшыларына, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар берді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.