«ЖАС САЯХАТШЫ» ЖҰМЫС ЖАСАУДА

0
60

CОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ. БАЛАЛАР ТУРИЗМІНІҢ ЖАС БУЫНДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ МАҢЫЗЫ ЗОР. ТУРИЗМ ЖАСТАРДЫ ТАБИҒАТПЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫП, ЖЕРДІ ТАНУҒА, ЕЛДІ СҮЮГЕ ҮЙРЕТЕДІ. СОНЫМЕН ҚАТАР ЖАСТАРДЫҢ СПОРТҚА БЕЙІМДІЛІГІН АРТТЫРЫП, САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ. ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТАУ-ТАСЫН АРАЛАП, ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТАНЫП, БІЛУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.Балаларды осындай мақсатта тәрбиелеу үшін аудандық оқушылар үйінде ашылған «Жас саяхатшы» үйірмесі өз жұмысын жасауда. Бұл үйірме туризм және өлкетану бағытында жүйелі жұмыс жасап келе жатқан ауданымыздың білім саласындағы алғашқылардың бірі десек те болады. Қазіргі таңда жеткен жетістіктері де аз емес. Жуырда ғана үйірме оқушылары Республика күніне және балалар-жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Т. Жездібаевқа арналған «Өрлеу» ауылының маңындағы «Достық» лагерінде өткен «Саяхат-2023» атты қалалық ашық біріншілігіне аудан атынан белсене қатысып, «Үздік туристік бивуак» номинациясынан І-орынды иеленіп, жетекшісі «Алғыс хатпен» марапатталды. Балалар үшін бұл үлкен жетістік болды.
Жалпы «Жас саяхатшы» үйірмесі осы бағытта жұмыс жасай отырып, білім мен тәжірибені шыңдап, жетістік шыңынан көріне береді деген сенімдемін.
Сәбит КӘМШАТ,
Темір аудандық оқушылар үйінің
«Жас саяхатшы»үйірмесінің жетекшісі.