ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ

0
60

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАНҒА ДЕЙІН ЕЛІМІЗДЕ АПАТТАН ҚҰТҚАРУДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ БОЛМАҒАН. ОЛ КЕЗДЕ АДАМДАРДЫ АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН КӨБІНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҚҰТҚАРУ БЕКЕТТЕРІ АТҚАРЫП КЕЛДІ. АЛ ЕЛІМІЗ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН СОҢ, АНЫҒЫРАҒЫ 1995 ЖЫЛЫ, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИТЕТІ ҚҰРЫЛДЫ. ОСЫ ҚҰЖАТ НЕГІЗІНДЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ.Өткен 19 қазан күні, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, ауданымыздың азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің төл мерекесі атап өтілді. Жиынға сала қызметкерлері, ардагерлер, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Калменов ашып, аталған саланың жұмысы қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап ететінін, дегенмен құтқарушылардың алға қойған басты міндеті – кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға күш жұмсай отырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тосыннан апатқа тап болғандарға дер кезінде жәрдем беріп, адамдардың өмірін сақтап қалу болып табылатынын, бұл қызметті мінсіз атқаруға жергілікті құтқарушылар әрқашан дайын екенін, оған басқасын айтпағанда, жуықта ғана, яғни 4-6 қазан аралығында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қауіп төнгенде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша өткізілген аудандық кешенді оқу-жаттығуға өте жоғары баға берілгені дәлел бола алатынын айта келе, аудандық төтенше жағдай, өртке қарсы бөлімдері, газ желілері бойынша апаттық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғау, ақпарат және байланыс, көлік және жол-көпірлер, энергетика, коммуналдық-шаруашылық, медицина, обаға қарсы күрес бөлімшесі т. б. азаматтық қорғау қызметкерлеріне және ауылдық округ әкімдеріне осы бағытта аянбай еңбек етіп келе жатқандары үшін алғыс айтып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ жиында жергілікті құтқарушыларды төл мерекесімен ардагерлер Б. Дәндібаев пен Е. Төлеуов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ж. Нұртазин құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергенов, аудан әкімі аппаратының бас маманы Б. Саутовты облыстық Төтенше Жағдай Департаменті басшысының және Кеңестуы ауылдық округі әкімі Ж. Маясаровты, Жақсымай ауылдық округінің әкімі С. Төлеуовты, Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегімовты, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Светлана Нұғманованы, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ж. Имашевті, аудандық аурухананның бас дәрігері С. Жанахметовты, кәсіпкерлік және ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Е. Жолдығаринді, Қызылжпр орта білім беретін мектептің директоры А. Құлынтаевты, эксковатор жүргізушісі А. Өтепбергеновты, өрт сөндіріу бөлімінің ардагері А.Тасқынбаевты, № 16-шы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері А. Пангереевті, Е. Актуринді, Есенғали Қазиханды, М. Киковты, М. Боранбаевты, Ж.Изболаевты, А. Закировты, Андағұл Жарасханды, Төребай Болатты, № 17-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Жұматай Арғыновты, Қопа Нұржанды және Б. Ерекеновты аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.