БІЗДЕ @EGOV, KZ ПОРТАЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН

0
64

ЕГЕМЕНДІК АЛҒАН ЖЫЛДАР ІШІНДЕ ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАРЛЫҚ САЛАСЫНДА ТҮБЕГЕЙЛІ ОҢТАЙЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛЫП КЕЛЕДІ. СОНЫҢ ІШІНДЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАСАЛДЫ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЕРКІН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТІҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша, жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Кеңқияк ауылдық округі аумағындағы қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін @Egov, kz порталы енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады:
қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік;
мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға байланысты уақытша шағындарды қысқарту;
үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.
Кеңқияк ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелер ғимараттында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз алуда. Кеңқияк ауылдық округ әкімі аппараты және округ аумағындағы барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз — біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру. Екіншіден — сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз тудыру. Үшіншіден — рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.
Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі — мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
«Кеңқияқ ауылдық округі әкімі
аппараты» ММ