Мерекеге арналды

0
50

1990 ЖЫЛЫ ҚАЗАН АЙЫНЫҢ 25-і КҮНІ ҚАЗАҚ КСР ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМІМЕН «ҚАЗАҚ КСР-нің МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІГІ ТУРАЛЫ» ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАБЫЛДАНДЫ. СОЛ КЕЗЕҢНЕН БАСТАП-АҚ ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗІНДІК ЖЕКЕ БИЛІГІ БАР МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ БАСТАЛДЫ. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУ МАҚСАТЫНДА ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ҚАБЫЛДАНУЫМЕН ЕЛ ІШІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚҰРЫЛЫМҒА БІРАЗ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНІП, МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ — РӘМІЗДЕР БЕКІТІЛІП, ӘЛЕМ КАРТАСЫНДА ЖАҢА МЕМЛЕКЕТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘКЕЛДІ. 2001 ЖЫЛЫ 13 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАБЫЛДАНҒАН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ» № 267-ШІ ЗАҢЫ БОЙЫНША БҰЛ КҮН МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ. Жуықта, аудандық музейде, 25 қазан — Республика күні мерекесі құрметіне, «Музей түні-2023» іс-шарасы аясында, «Қазақ елі — менің Отаным» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға Отан мен мемлекет ұғымы туралы мәлімет беру, отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихи сана қалыптастыру.
Іс-шараға аудан орта мектептерінен оқушылар мен мұғалімдері, ата-аналар қатысты. Шара барысында мектеп оқушыларының республика мерекесіне арналған щолулары мен өлең жолдары оқылып, слайд көрсетілді. Кеш соңында шараға белсене атсалысқан оқушыларға музей атынан сыйлық табысталып, шараға қатысқан қонақтарға алғыс айтылды
Н. ҚУАНБАЕВ,
аудандық музей ғылыми қызметкері.