Тал көшетін отырғызу

0
25

БҮГІНГІ ТАҢДА БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША «ТАЛ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗУ» ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА. ОСЫҒАН ОРАЙ, ӨТКЕН СЕНБІДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, АППАРАТЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖӘНЕ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ АТАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСЫП, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛЖАР МӨЛТЕК АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН САЯБАҚ АЛАҢЫНА ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗДЫ.
Сондай-ақ елімізде кең көлемде өтіп жатқан бұл маңызды аудан әкімдігі, барлық бөлім және Шұбарқұдық ауылдық округі қызметкерлері де қатысты. Шараның мақсаты — өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосу болып табылады. Жалпы ағаш отырғызу акциясы биылғы жылдың 15 қазанынан басталды. Бір ай көлемінде облыс бойынша жергілікті тәлімбақтарда өсірілген шырша, қарағай, қайың сияқты ағаш түрлерінен 14 мың түп көшет егу жоспарланған. Сондықтан ауданымызда тал отырғызу жұмыстары бұдан әрі қарай да жалғаса бермек.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.