АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЕСКЕРІЛДІ

0
76

ЖУЫҚТА, ҚАЗАҚАУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨПТЕН БЕРІ АСЫҒА КҮТКЕН КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ОРЫНБАСАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВПЕН, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Қ. НҰРАЛЫМЕН ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. КАЛМЕНОВПЕН БІРГЕ АТАЛҒАН КӨПІРГЕ БАРДЫ.Көпірдің барлық құрылыс жұмыстары «Алихан Ойл» ЖШС-нің демеушілігімен жүргізілді. Бүгінде көпір толық қалпына келтірілген, аймаққа барлық көлік түрлері, яғни жедел-жәрдем, таксижүргізушілерінің т. б. қатынау мүмкіндіктері бар.
Аяқталған көпір жұмысын қараған аудан басшысы С. Аманбаев, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Қ. Нұралыға, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға ұқыпты пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.