МӘС ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

0
28

Жуықта, атап айтқанда қарашаның 1-і мен 3-і аралығында, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті МӘС-і әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Ульмесеков Жасұлан Бердібекұлы, № 2-ші МӘС бөлімнің басшысы Алекешова Абат Ұлықпанқызы, бас маман Елеусізова Қамажай Қойшығарқызы ауданымызға келіп, қарашаның 1-і мен 3-і аралығында, көшпелі отырыс өткізді. Аталған мамандар, аудандық аурухананың дәрігерлерімен МӘС-ке жолданатын құжаттардың ресімдеу кезіндегі сапасы туралы және сырттай-проактивті форматта куәландырудың өзекті мәселелері жөнінде семинар да ұйымдастырды.Отырыс пен семинарлар барысында мамандар, мүгедектікке топ белгілеу, сондай-ақ рабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу (бұдан әрі – ОЖБ), оңалтудың техникалық құралдарымен, гигиеналық өнімдерімен, санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз ету — қазір 2 форматта жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сондай-ақ олар, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, келесі нозологиялық нысандар — онкологиялық, туберкулез, психиатрия, қан, Даун ауруы, анатомиялық ақаулары бар аурулар т.б. бойынша сырттай проактивті куәландыру енгізілгенін айтты. Мұнда, науқастың тіршілік-тынысының шектелулері анықталған жағдайларда емдеуші дәрігер науқастың медициналық құжаттарын МӘС-ке жібереді. МӘС-ке жолдау негізділігін дәрігерлік-консультациялық комиссияның төрағасымен бірлесіп шешіледі. Сырттай проактивті форматты куәләндіру кезінде науқастар МӘС бөлімдеріне бармай-ақ, куәландырудан ұсынылған құжаттары бойынша электрондық түрде өтеді. Сырттай куәландыруға жіберілгені және қабылданған сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама қызмет алушыға немесе оның заңды өкіліне «Электрондық үкіметтің» 1414-тен sms-хабарлама түрінде келеді. Сырттай-проактивті куәландырудан өтудің міндетті шарты — мобильді азаматтар базасында (БМГ) тіркелген ұялы телефонның болуы болып табылады. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет қорытындысын www.egov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталының жеке кабинетінен алуға болады.
— Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімде 3 ай ішінде шағымдануға құқылы, осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады, — деді бізбен әңгімесінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің МӘС-тың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Ж. Б. Ульмесеков.
Сондай-ақ, көшпелі отырыс мүшелері жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Темір ауданы бойынша 2023 жылы 9 айында, 269 адамға, оның ішінде 53 адам алғашқы рет, 18 жасқа дейінгі балаларға 62 рет МӘС бағытындағы мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Әбді СӘЛИ.