ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

0
60

ЖУЫҚТА, МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ҚОЛДАУЛАРДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА ЖЕТКІЗУ МАҚСАТЫНДА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАВР АБДУЛЛИН БАСТАҒАН ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ. АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН, ТИІСТІ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫМЕН, АРДАГЕРЛЕРМЕН, ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ, М. Е. АББДУЛЛИН, БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨРСЕТІЛІП ОТЫРҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ БАЯНДАП БЕРДІ.Сондай-ақ жиында Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Сәрсембай Құсайын, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Шүйіншалиев, Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б. Бекжанов, облыс кәсіпкерлік басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы А. Айтжанов, Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Б.Қырықбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік Қоғамы Ақтөбе филиалының директоры Г. Ергазина, «КазАгроҚаржы» Акционерлік Қоғамы Ақтөбе филиалының директоры А.Ундаганов, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Д. Бекбауова, өз салалары бойынша ауыл тұрғындарына көрсетілетін жәрдемдер жөнінде сөз етіп, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында аудан әкімі С. Аманбаев, қорытынды сөз сөйлеп, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абдуллин Мавр Ерғалиұлына және облыстық жұмысшы тобының құрамына алғыс айтып, Темір ауданы жұртшылығы атынан Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы тынымсыз еңбектеріне толағай табыстар тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.