БАСПАСӨЗ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

0
70

АУДАНЫМЫЗҒА «АҚТӨБЕ-МЕДИА» ЖШС ӨКІЛДЕРІ, «АҚТӨБЕ» ГАЗЕТІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ М. ЕРЖАҚЫПОВ ПЕН «АКТЮБИНСКИЙ ВЕСТНИК» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ А. ҚАЛЖАНОВ КЕЛІП, ТЕМІРЖОЛШЫЛАР, ҰСТАЗДАР, АРДАГЕРЛЕР, ЖАСТАР, СПОРТШЫЛАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН, САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ГАЗЕТ ОҚУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН, ОБЛЫСТЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН СӨЗ ЕТТІ. Ең алғаш 1924 жылы «Кедей» атауымен жарық көрген «Ақтөбе» газеті 2024 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Сенімді ақпарат көзі ретінде танылып үлгерген басылым оқырмандары, тілшілерге алғыстарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, сапалы әрі сауатты ақпарат таратып, елдің игілігіне қызмет етіп отырған азаматтарды аудан әкімдігі атынан марапаттап, өңір мақтанышына айналған басты басылымның ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.