АУДАН ӘКІМІ ТЕМІР МЕН КЕҢҚИЯҚТА БОЛДЫ

0
68

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ 8 ҚАРАША КҮНІ ТЕМІР ҚАЛАСЫ МЕН ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНЫҢ, 9 ҚАРАШАДА КЕҢҚИЯҚ КЕНТІ МЕН БӘШЕНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Н. ҚАЙРАТ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. САПАР БАРЫСЫНДА АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛДАРДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ДЕ КЕЗДЕСІП, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ.Темір қаласы тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі С.Аманбаев, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, Темір қаласының әкімі А.Қоқанов, тұрғындардың өтініштері ескеріліп, қалалық паркті және ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, қазіргі таңда балалар алаңы мен воркаут алаңдарын қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалуда екенін жеткізді. Есептік жиында тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар түсіп, аудан басшысы С. Аманбаев, қала әкімі А. Қоқановқа әрбір ұсынысты үнемі назарда ұстап, мәселені шешу жолдарын анықтауды тапсырды. Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдады.
Кездесуден соң, аудан басшысы С. Бәйішев көшесіндегі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан қалалық әкімдіктің ғимаратын қарады. Бұл ғимараттың құрылыс жұмыстарымен «Техно-С» ЖШС айналысуда. Жоба құны — 81 249,0 мың теңгені құрайды. Жоба қуаттылығы — 164 шаршы метр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге аудан әкімі С. Аманбаев, қалалық саябақты абаттандыру жұмыстарын қарады. Саябақты абаттандыру жұмыстарымен мердігер «Техно-С» ЖШС айналысуда. Жоба құны—110 004 652 теңге. Қала тұрғындарының өтініштерін назарға алып, қазіргі таңда брусчатка төсеу, жарық шамдарын орнату воркаут құрылғыларын қондыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімдігінің жаңа ғимараттағы және қала саябағындағы жұмыстардың барысымен танысқан С. Аманбаев, А. Қоқановқа қос нысандағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын жеке бақылауына алуды тапсырды.
Бұдан кейін аудан әкімі С. Аманбаев, «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы Сабыржан Қайырбековтің жеке кәсібімен танысты. Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы құс шаруашылығымен айналысу үшін 8,6 миллион теңге несие алған С.Қайырбеков, бүгінде 600 бас тауықты, 300 бас қазды және 400 бас үйректі күтуде.
Сондай-ақ осы күні С. Аманбаев, қала тұрғыны Бейбарыс Мәмбетовтың шағын наубайханасына да барды. Кәсіпкер қазіргі таңда күніне орта есеппен 150-200 дана нан өнімдерін шығарып отыр. Өз өнімдерін қаладағы азық-түлік дүкендеріне тапсырады. Кездесу барысында Б.Мәмбетов, аудан басшысына алдағы уақытта өзінің «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, кәсібін кеңейтуге ниеттеніп отырғандығын жеткізді.
Аудан әкімі бұл екі кәсіпкердің қызметіне сәттілік тілеп, А.Қоқановқа жеке кәсіппен айналысып жатқан азаматтарға қолдау көрсетіп, тұрғындар арасына мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарлама түрлерін насихаттап, ұйымдастыруды тапсырды.
Аудан әкімі С. Аманбаев, Жамбыл ауылының тұрғындарымен де кездесіп, есептік жиналыс өткізді. Жиналыста қала әкімі А.Қоқанов ауыл көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Жиында жамбылдықтар тарапынан ауылға кіреберіс автомобиль жолының құрылысы бойынша мәселе қозғалды. Бұл жөнінде қала әкімі қазіргі таңда жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы күтілуде екендігін айтты.
Кездесу соңында аудан әкімі, қала әкімі А. Қоқановқа өзекті мәселелерді тұрғындармен бірлесе шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.
Аудан әкімі С. Аманбаевтың тұрғындармен кездесуі — 9 қарашада Кеңқияқ ауылдық округінде жалғасты. Кездесуді Бәшенкөлден бастаған аудан басшысы, тұрғындармен бірге Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қ. Серікжановтың аталған ауылдың өзекті мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан қозғалған мәселелердің бірі — көше жарығы. Аталған мәселе бойынша қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша техникалық қызмет көрсету жариялануда.
Аудан басшысы, округ әкімі Қ. Серікжановқа тұрғындар тарапынан түскен мәселелерді жеке бақылауға алуды, сонымен қатар өзге де мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының сұрақтары жауапсыз қалмауын тапсырды.
Ал, Кеңқияқ ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде ауылдық округ әкімі Қ. Серікжанов 2023 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және міндеттері бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Қ. Серікжановтың есебінен кейін ауыл тұрғындары тарапынан түскен сұрақтарға жауап берілді. Ауыл тұрғындары көп қабатты № 15, 16, 17-ші тұрғын үйлердің құрылысы, жұмыссыздық мәселелерін көтерді. Бүгінде көп қабатты тұрғын үйлерге демеушілік арқылы «СНПС Ақтөбе мұнай-газ» АҚ жөндеу жұмыстарын жасауда. Жөндеу жұмыстары бойынша № 15-ші үй толығымен аяқталған. Аудан әкімі С. Аманбаев, округ әкімі Қ. Серікжановқа жұмыссыздық мәселесін реттеп, тиісті бөлім басшыларымен жұмыс атқаруды тапсырды және тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
С. Аманбаев, Кеңқияқ ауылдық округіне сапары барысында, бірқатар кәсіпкерлермен де кездесіп, құрылыс нысандарын аралады. Солардың бірі — «Тазалық» жеке кәсіпкерлігі. Жеке кәсіпкер Разия Шаттыққызы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 6 600,0 мың теңге жобасында қаражат алып, ет өңдеу кәсібімен айналысып жатыр. Қазіргі таңда ет және ет өнімдерін өңдеу кәсібі арқылы өз өнімдерін Кеңқияқ ауылдық округінің шағын сауда орындарына тасымалдап отыр. Аудан әкімі кәсіпкермен кездесу кезінде отбасына өнімдерінің сапасын қалыпты ұстай отырып, тұрғындардың сұранысын назарға алып, тиімді бағаны ұсыну қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімі осы күні жеке кәсіпкер Нұргүл Қуандықованың тігін цехына барды. Н. Қуандықова да «Ауыл аманаты» жобасы келген сұранысын қабылдап, кәсібін жүргізіп, бүгінде өз тұтынушыларын тауып отыр.
Н.Қуандықова, аудан басшысына өзінің алға қойған мақсаттарын айта келе, қосымша несие алып, кәсібін одан әрі жетілдіргісі келетінін айтты. С. Аманбаев, қазіргі таңда үй жағдайында да өз кәсібін жетілдіре алатын мүмкіндік бар екенін жеткізе отырып, жеке кәсіп иесінің жұмысына табыс тіледі.
Сонымен бірге, аудан әкімі С. Аманбаев Кеңқияқ ауылдық округіндегі салынып жатқан мектеп құрылысын қарады. Биылғы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан бойынша екі білім беру ошағының құрылысы бастау алған болатын. Соның бірі Кеңқияқ ауылдық округіндегі «Сазды-2» ауданындағы 600 орындық жаңа мектеп құрылысы. Бұл нысанға тапсырыс беруші — «Самұрық Қазына» ӘҚ. Құрылысты жүргізуші — «Антариум» ЖШС. Жоба құны – 4 миллиард 200 Құрылыс жұмыстарын қараған аудан басшысы С. Аманбаев, округ әкімі Қ. Серікжановқа мектеп құрылысының сапалы орындалуын жіті бақылап, тиісті мердігер мекеме және бөлім басшысымен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырды.
Бүгінде Кенқияқ ауылындағы жүргізіліп жатқан, жоба құны 1 миллиард 900 миллионды құрайтын ірі жұмыстардың бірі — А.Құнанбаев, Қ. Балуанов, Сәңкібай ата, «Нефтяников», Ә.Молдағұлова, Н. Байганин, Қ. Сағырбайұлы, «Парковая», «Корпусная» көшелеріндегі көлік жолдарының құрылысы болып табылады. Қазіргі таңда, 6 көшеге көлік жолы және 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, толығымен жарық шамдары орнатылды. Аудан әкімі С. Аманбаев , осынау жұмыстарды жүргізіп жатқан «Дэн Гроуп» мердігер мекемесі өкілдерімен кездесті.
Күрделі жұмыстардың қарқынын қараған аудан басшысы С.Аманбаев, округ әкімі Қ. Серікжановқа аясында 5 миллион қаражат алып, кәсіпкерлікке бет бұрған. Қаражатына мамандандырылған тігін машинасы, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының кез-миллион теңге. Қазір мұнда қазу және бетон құю орнын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер мекеме үстіміздегі жылдың соңына дейін мектептің іргетасын қалап, қабырғаларын көтеруді жоспарлап отыр  тұрғындардың өтінішін назарға ала отырып, құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуын қадағалауды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ