ЕТІКШІ КЕЛІНШЕК
Кәсіптің жаманы жоқ,тек қызығып,сүйсініп істесең ғана шаршатпайды табысы да жаман болмайды—дегенді,өз кәсібінен нәтижеге жетіп жүргендерден жиі естиміз.Аудан орталығында кәсіпкерлік пен айналысушылар жылдан жылға өсіп келеді. Соңғы жылдары дәстүрлі емес
кәсіпті игерушілердің қатары да бой көрсетуде. Ұлттық құндылықтарға көңіл аударуды мұрат түтқандар ұлттық тағамды сауда сөрелеріне жеткізе бастады.
Біздің бүгінгі айытпағымыз аудан орталығындағы аяқ киім тігу,жөндеумен айналысып отырған шағын шеберхананың иесі Жанар Серікқалиқызының
жұмыс барысы жәйлі оқырманды хабардар ету-бүгінгі сұхбатымыздың негізгі мақсаты. Аяқ киім тігу,тері өнімдерімен жұмыс жасау да ұлттық құндылық, ұлттық өнер. Онымен де екінің бірі айналыса бермейді, қолынан келетін адам ғана айналыса алады.Сонымен -Бұл кәсіппен айналысқаныңызға қанша уақыт болды.Қалай келдіңіз?
— Осы кәсіппен айналысқаныма жеті жылдай болды.Әрине қолыңнан келетін іспен айналысасың ғой.Өйткені халыққа қызмет көрсетудің жауапкершілігі істеген ісіңнің сапасына ,шеберлігіңе,тиянақтылығына тікелей байланысты.
—Жалпы аяқ киім тігу шеберлігі де халқымыз қадірлеген іс .Етік тігу сияқты қасиетті өнер өзіңізге қайдан жұқты деп ойлайсыз.
— -Жолдасымнан үйрендім десем де болады. Өйіткені өзім тігіншімін,сондықтан бұл шаруа маған қиындық тудырмайды.Икемім бар. Бала кезімізде әкеміз бас мүжігенде таңдайын алақанымызға ұрып ,шебер бол балам деп ырымдайтын.Қазақтың ырымы да тегін жасалмаған болар.Жасаған ісіме жұрттың ризашылығы мен рахметін иеленіп жүрмін деп айтуыма болады.Сұранысты жолдасыммен бірігіп орындаймыз.Әйтеуір алғысын жаудырып,табыс тілеп жатады. —Сұраныс қалай.Келушілер көп пе?
—Жетеді,телефонға маза бермей үйге звандап жатады.Сұраныстың да науқандық,жиі мазалайтын кездері бар.Жалпы сұраныс бар,іздеп жүреді.
—Тігін құрал жабдығыңыздың жәйі қалай,несие алып көрдіңіз бе?Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға айрықша көңіл бөлініп жатқанын естіп жүрген боларсыз.?
—Көнелеу тігін құралымыз бар,жеңіл-желпі бұзылған жерін өзіміз жөндеп аламыз .Жаңа әмбебап машинка алуға қаржы керек.Түскен қаржы семияның күнделікті қажетінен ауыспайды.Жолдасым да өзіммен бірге осы жұмыспен айналысамыз. Бір рет қайтарымсыз несие –бес жүз мың теңге алдым.Оған бүгінгі пайдаланып отырған құралдарымды сатып алдым.
Айына арендаға 25 мың теңге төлеп отырмыз. Өзіңіз көріп тұрғандай дүкеннің кіре берісіндегі кішкентай ғана қуыс. Жолдасым екеуміз отырып жұмыс жасауға ,екі адам сыймаймыз. Орталықта болғасын, халықтың келуіне ыңғайлылығын ескерудеміз. Осы жағдайларымызды айтып, әкімшілікке де барғанбыз. Мешіт жақтан жер беретін болған,бірақ тендр арқылы алу үшін үш жүз елу мыңнан астам қаржы керек көрінеді.Ондай ақша бізде жоқ.
Ал ауылдың шет жағындағы елді мекендерден арендаға орын табылып тұр, Халыққа ыңғайлы болмаған соң , орталықтан алыс жер келушілерге де қолайлы болмайды .
Әрине орталықта, кең екі адам еркін отырып жұмыс жасай алатын орын болса,жолдасым аяқ киіммен айналысса,өзім «Той бастар» сияқты той бұйымдарын жасауға сұраныс қабылдап отырсам,кәсібімізді кеңейтуге жасалған жағдай болар еді.
—Әр істің өз проблемасы болады ғой сізде ше. Қажет материалды қайдан қалай аласыз?
—Қаладан, бар жерімен байланыс жасап алдырып тұрамыз. Бірсыпыра қажеттіліктерді жоғарыда да аңғарытқандай болдым ғой.Әрине жаңа құралымыз болса, Қытайлар тігіп жатқан етік тағы басқа аяқ киімдерді жолдасым да тіге алады.Ондайды алу үшін айналып келгенде қаржыға тіреледі.
Бұрындары ел ішінде сапалы былғарыдан етік, мәсі, кебіс тағы басқа тігетін шеберлер болған ғой. Олардың қолынан бүйымдар әрі жылы, әрі төзімді болған емес пе, неге соны бізге жаңа талаптарға орайластырып жасамасқа ,әттең мүмкіндік болмай тұр ғой….
—Табысыңыз қанағаттандыра ма. Отбасыңыз туралы да айтып өтсеңіз?
— Жолдасым, төрт баламыз бар, Құдайға шүкір көп балалы отбасымыз. Кәсібіміз өз семиямызды қанағаттандырады әрине. Егер дамыта түссек бұдан да жақсы болар еді деген мақсат жоқ емес. Ең бастысы ерінбей еңбек ете білуде деп түсінеміз.
Әңгімеңізге рақмет.
ТЕМІР ГАЗЕТІ
РЕДАКЦИЯДАН: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АЯҚ КИІМ ЖӨНДЕУ, ТІГУМЕН АЙНАЛЫСЫП ОТЫРҒАН ЖАЛҒЫЗ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРДІҢ ШАРУАСЫМЕН ТАНЫСТЫРА ОТЫРЫП,ОЙҒА ОРАЛҒАН ҰСЫНЫСТАРЫМЫЗДЫ ДА ТИІСТІ ОРЫНДАРҒА ЖЕТКІЗУДІ ЖӨН КӨРІП ОТЫРМЫЗ. КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСЫП ОТЫРҒАН САУДА ОРЫНДАРЫ ДА ТОЙХАНАЛАР ДА ЖЕКЕ ҚОЖАЛЫҚТАР ДА ЖЕТІП АРТЫЛАДЫ.ОЛАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙЛАР ҚАЖЕТІНШЕ БАРШЫЛЫҚ. АЛ МЫНА ШАҒЫН ШЕБЕРХАНАНЫ , БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫНА ЛАЙЫҚ ЖҰМЫС АТҚАРУЫНА МҮМКІНДІК ЖАСАУДЫҢ , КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРДІҢ ШАРУАСЫНА ЫҢҒАЙЛЫ ОРЫНЫ БОЛУЫНА ҚОЛ ҰШЫН БЕРУДІҢ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ТАРАПЫНАН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІГІ БАР ЕКЕН— ДЕГЕН СҰРАҚТАР ОЙҒА ОРАЛАДЫ.