ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
87

Темір ауданы әкімдігінде «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Отырысқа фракция мүшелері, аудандағы бөлім басшылары және «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Ж.Нұрғалиев қатысты. Күн тәртібінде Темір ауданы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасындағы тармақтардың орындалуы туралы аудан әкімі С.Е.Аманбаевтың және орынбасары Р.Е.Құдайбергеновтың есебі тыңдалды.

Қазіргі таңда Жол картасында барлығы 34 тармақ бар, оның 30 тармағы 2023 жылы орындауға берілген, 30 тармақтың 24-і орындалған, 6-ы орындалу үстінде.

Отырыс соңында аудан әкімі аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Құдайбергеновке, мәслихат депутаттарына және тиісті бөлім басшыларына Жол картасының орындалуы бойынша көрсеткіштерді бақылауға алуды тапсырды.

 

                                                                                                                     «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы