Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бір жыл ішінде жүргізілген жұмыстар

0
73

Қазіргі таңда Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.

Бұл тұрғын үй құрылысы, ТКШ желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты.

Бұл бағыттардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында белгіленген.

📌Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы бойынша бір жылда қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы Primeminister.kz редакциясының материалынан оқыңыз.

🏗️2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

🟢Мәселен, 2023 жылғы 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

✅2023 жылы өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді.

✍️«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді.

✍️ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.

🟢Атап айтқанда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын бірқатар ірі теміржол жобасын іске асыру басталды.

🟢Барлығы үш жыл ішінде 1 300 шақырымнан астам теміржол салынады.

🟢Оған қоса 2030 жылға дейін 11 мың шақырым т/ж жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.

✅Соңғы кездері жүк тасымалының көлемі 2 есе артқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бірқатар еуропалық көлік-логистикалық компанияны тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

⚡️ Қорларды ұлғайту және өңірлерді газдандыру жұмысын одан әрі жалғастыру үшін жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасуда.

🟢«QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 болатын ГӨЗ құрылысын жүргізіп жатыр.

🟢Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта жылына 6,5 млрд м3 газ өңдейтін жаңа ГӨЗ құрылысы жобалануда.