ҚУАНЫШТЫ ОҚИҒА

0
54

14 ҚАРАША КҮНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 20 МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, БҮКІЛ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚУАНЫШҚА БӨЛЕГЕНІ БАРШАҒА БЕЛГІЛІ. СОЛ КҮНІ ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ А. КЕНЖЕҒАЛИЕВА МЕН Г.АЛДАМБЕРГЕНОВА ДА ЕКІ ЕР БАЛАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН БОЛАТЫН.

17 қараша күні аудан әкімі С. Аманбаев аталған ақжолтай қуанышты оқиғаға байланысты, А. Кенжеғалиева мен Г. Алдамбергенованы, нәрестелерімен бірге, Темір аудандық перзентханасынан салтанатты түрде өз отбасыларына шығару рәсіміне қатысты. Шара барысында С. Аманбаев, бұл айтулы оқиға, күллі қазақстандықтармен бірге, темірліктер үшін де ортақ қуаныш екенін атап өтіп, жас аналар мен жиынға қатысушыларды құттықтап, қос сәбидің елімізге танымал патриот азаматтар болып өсуіне тілектестігін білдірді және жас аналарға сый-сияпат табыс етті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.