АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

0
58

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ. МӘЖІЛІСКЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. МӘЖІЛІСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ АУДАНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық санитарлық-эпидмиологиялық бақылау басқармасының басшысы С. Нұғманова баяндама жасады. Сонымен қатар, мәжіліс барысында аудандық цифровизация саласын дамыту, елді- мекендерді мобильді интернетпен қамтылу шарасы бойынша ұсыныстар айтылды.
Аудан әкімі мәжіліс қорытындысы бойынша аудандағы цифровизация саласы бойынша жұмыс атқаруды аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевқа және халықты екпемен қамту мәселесін тұрақты назарға алуды аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновке тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ